Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева


Скачать книгу
болып жатты. 1972 жылдың мамыр айында президент Никсон Мәскеуге ресми сапармен келді. Сапар барысында маңызды келісімшарттарға қол қойылды. КСРО мен АҚШ-тың өзара қарым-қатынастарының негізі жөніндегі келісімінде екіжақты ынтымақтастықтың бейбіт қатар өмір сүру қағидатына негізделетіндігін ресми түрде мәлімдеді. Сонымен қатар ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы келісіміне және стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу шаралары жөніндегі уақытша келісімге қол қойған болатын. Ал 1973-1974 жылдары ядролық соғысты тоқтату жөніндегі келісіміне және су астында ядролық қару сынақтарын шектеу туралы шартқа қол қойылды. Халықаралық шиеленісті бәсеңдету бағыты мен КСРО мен АҚШ арасындағы әскери қарсыласудың жақсаруы екі держава арасында сауда-экономикалық қатынастардың және ғылыми-мәдени байланыстардың қалыптасуына әкелді.

      1974 жылы 9 тамызда Р. Никсон «Уотергейт жанжалы» үшін президенттік қызметінен кетуге мәжбүр болды. Республикалық партияның өкілі, вице-президент Джеральд Форд президент болып сайланды. Жаңа президент мемлекеттік реттеуді шектеу бағытын ұстанатындығын және әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын федералды шығындарды қысқарту есебінен тез арада бюджетке баланс жасауды, инфляция қарқынын қысқартуды мәлімдейді. Бірақ та жұмыссыздыққа, бағаның өсуіне қарсы жаппай наразылықтың өршуінен, сондай-ақ 1974 жылы конгресте өздерінің ықпалын күшейтіп алған демократтардың қысымымен Форд үкіметі өздерінің тез арада инфляциядан шығу, әлеуметтік саладағы бірқатар шараларынан бас тартты. 1975 жылдың басында конгресс жұмыссыздарға төтенше көмек көрсету туралы заң қабылдады.

      Дж. Фордтың сыртқы саясаты қарсыластық бағыттармен сипатталды. Құрама штаттар реакциялы Сайгон тәртібіне, Израильдің басқыншылық саясатына қолдаушылық көрсетті. Латын Америка және Араб елдерінің ішкі саясатына араласты. 1974 жылы Дж. Фордтың Владивостокқа барған сапарында КСРО-мен бағдарламалық шабуыл қаруларын шектеу туралы жаңа келісімді бекітті. Сондай-ақ екі ел арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың нәтижелі көрінісі – 1975 жылғы «Союз» және «Аполлон» ғарыш кемелерінің бірігіп ұшырылуы. 1975 жылы Хельсинкидегі Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің табысты өтуіне кеңестік-америкалық қарым-қатынастардың жақсаруы да өз ықпалын тигізді. Нәтижесінде Хельсинки Қорытынды Актісіне қол жеткізілді.

      Джеймс Картер үкіметі (1976-1980 ж.). 1976 жылы қараша айында өткен президенттік сайлау барысында демократиялық партияның өкілі – Джеймс Картер жеңіске жетті. Дж. Картер – 41 млн дауысқа ие болса, Дж. Форд – 39 млн дауысқа ие болды. Картер әкімшілігі елдің экономикалық жағдайының жақсаруына көп күш жұмсады, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейін төмендетуді көздеді. Ол ұсынған бағдарламада корпорациялар мен жеке кірістерге салынатын салықтар төмендетілді, жұмыс орнының көбеюіне қаржы бөлінді. 1977 жылдың қараша айында конгресс кейінгі төрт жыл бойына жыл сайын кезеңмен ең төменгі еңбекақыны сағатына 2,30-дан 3,35 долларға көбейту


Скачать книгу