Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева


Скачать книгу
10,5 млн жаңа жұмыс орындары ашылды, қаржы дефициті 60 % төмендеді, халықтан алынатын салық көлемі азайтылды, соңғы жылдардағы инфляция көлемі ең төменгі деңгейде болды (жылына 3-4%). Сонымен қатар Клинтон әкімшілігі қылмыспен күресте үлкен шаралар атқарды: полиция қызметкерлерінің саны 100 мың адамға көбейтілді.

      Республикалық партия өкілі Р. Доулдің президент Клинтонға шын мәнінде қарсы тұру мүмкіндігі болмады. Ол Клинтон әкімшілігін әлсіз сынға алып, америка халқына жақсы өмір сүруге барлық жағдай жасауға уәде бергенімен, оның мәнін түсіндіре алған жоқ.

      Сөйтіп, Б. Клинтон Рузвельттен кейінгі екінші мерзімге сайланған демократ болды. Ол сайлаушылардың 49 % даусына ие болды, ал Р.Доулды халықтың 41 %-ы жақтады. Тәуелсіз үміткер Росс Перо 8 % дауыс жинап, саяси күрестен тыс қалды.

      Сайлау нәтижесінде Б. Клинтон өз жақтастарының санын көбейтті, оның ішінде әйелдер, имигранттар, қара нәсілді америкалықтар, жастар және католиктер болды. Жалпы алғанда, Америка халқы өз өміріне риза болды және Р. Доул ұсынған өзгерістерді қаламады. Президенттікке үміткерді әдемі сөйлеу ырғағына қарап емес, іскерлік қабілеті мен істеген істерімен бағалағандықтан, америкалық халық Б. Клинтонның барлық қателіктерін кешірді.

      Президент Б. Клинтонның басқаруының екінші мерзімі Конгрестегі демократтар мен республикалықтардың үнемі күресулерімен ерекшеленді. Республика партиясы Конгресте Сенат пен Өкілдер палатасына сайлау барысында барлық негізгі қызмет орындарын иеленген болатын және де осы қарсы тұрулар АҚШ-тың кейінгі ішкі саяси өмірін анықтап берді.

      90-жылдардың екінші жартысы Америкада бірнеше жыл болмаған ерекше және ұзақ мерзімді экономикалық шумен басталды. Кейбір мамандар болып көрмеген экономикалық даму алыпсатарлық сипатта болып, кейін қаржылық құлдырауға әкелуі мүмкін, сондықтан да одан сақтануымыз қажет деген ойларын да білдірген болатын. Америкалық экономист Дж. Сакстың айтуы бойынша, америка экономикасы бұл кезеңде екі бастаушы күшке – нарықтық жүйенің икемділігіне және жаңа технологияларды дамытудағы үлкен табыстарға негізделді. Ал бұл өз кезегінде ақпараттық технологияларға мемлекеттік және жеке инвестициялар санын көбейтті.

      Сонымен қатар жаңаша технология негізінде пайда болған АҚШ-тың «жаңа экономикасы» өңдіріс деңгейінің жоғарғы қарқынын көрсетті. Соның негізінде жалақы көбейтіліп, жұмыссыздық күрт төмендеді. Тіпті, ғылым саласында жұмыс күші жетіспей шетел мамандарын шақыруға тура келді. АҚШ-тың экономикасының толық жұмыс атқаруына басты екі нәрсе керек екені анықталды. Бұл – үнемі маманданған еңбек ресурстарын толықтырып отыру және импорт көлемін арттыру. 90-жылдары бұл екі шарттың болуы америка экономикасының бұрын-соңды болмаған дамуына алып келді. Осы онжылдықтың соңында жүргізілген сауалнама барысында америкалықтардың 80 %-дан астамы өмір сүру жағдайларының жақсарғанын айтты.

      Жаңа жүз жылдықтың басында америкалықтар үшін өз экономикасы бұрын-соңды болмаған


Скачать книгу