Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
интеграцияны тереңдетуге өз үлесін қосуға тырысты. 1995-1996 жылдары Францияның жаңа президенті Жак Ширак бұл мәселеде ұстамды позиция ұстанса, Г. Коль еуропалық интеграциялық үрдістің лидері рөлінде көріне бастады. 1996 жылы Париж бен Бонн Маастрихте жазылған Еуропалық Қоғамдастық Құжаттары мен интеграциялық бағдарламалар ережелерінің бірқатарын өзгертуді талап етті. Бұл валюталық одаққа өту және кеңейту мәселесін шешуге қатысты болды. ХХІ ғасырдағы Еуропалық Одақтың даму стратегиясын даярлауға Г. Коль бір кісідей атсалысты. 1997 жылы Амстердам келісімшартының дайындығына және осы барлық мәселелерді талқылау кезінде басты рөл атқарды.
Германияның бірігуінің ішкі салдары өте ауыр болды. Әртүрлі қоғамдық жүйедегі өмір, ондаған жылдар бойы жүргізілген үгіт-насихат салдарлары екі мемлекетті бір-біріне дұшпандық күйге түсірген болатын және де тарихи қалыптасқан психологиялық ерекшеліктер жинақтала келіп, нағыз неміс ұлтының бірлігін жасауды қиындатты. Бірігу үдерісі кезінде батысгермандық кәсіпкерлер тарапынан шығыс немістерін сырттай кемсітушілік, бірін-бірі аңдысу және т.б. әрекеттер жасау орын алды. Германияның бірігуінен күтілген экономикалық даму, өрлеу нәтижесіз болды. Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің интеграциясы стратегиялық жоспарсыз қателіктер мен байқап көрулер мен тәжірибелер арқылы жүзеге асырылды. Бұрынғы өндірістік, сауда инфрақұрылымының жойылуы, құрылымдық қайта құрудың басталуы «жаңа жерлердегі» өндірістің құлдырауына әкелді. Жұмыс орнының 50 %-ы жойылды, жұмыссыздық деңгейі 30 % болды. ГДР аумағында батысгермандық марка енгізілді, жалақы, стипендия, зейнетақы, пәтерлік және жалдамалы төлемдер бұрынғы деңгейде қалды. Шығыс Германияның тауар нарығы құлдырап, халықтың өмір сүру деңгейі төмендеді.
1990 жылдың тамыз айында ГДР мен ГФР арасындағы жасалған келісімшарт 1945-1949 жылдары ГКӘӘ кәмпескелеген меншікті бұрынғы иелеріне беруді растады. Шығысгермандық экономиканы реформалаудың негізгі амалы кәдімгі коммерциялық негіздегі жекешелендіру бағдарламаларын жүзеге асыру мен нарықтық менеджментті енгізу болды. Жекешелендіруді жүргізу үшін Берлиндік Қамқорлық басқармасы құрылып, оған бұрынғы ГДР-дың 14 мың мемлекеттік өнеркәсібі берілді. 1 жыл ішінде басқарма 1 мың күшті өнеркәсіпті жекешелендірсе де, бюджетке тек 4 млрд марка пайда түсті.
Шығысгермандық өндірісті қайта құруға талпыну да нәтижесіз еді. ГФР үкіметі шығыс өлкелерді жаңғыртудың федералды бағдарламаларының уақытын ұзартуға мәжбүр болды. Гүлденіп жатқан экономика үшін де бұл ауыр жүк еді.
90-жылдардың басында Батыстың жетекші елдерінің барлығында экономикалық даму тежелісі байқалды. Германия экономикасының жағдайы одан да қиын болды. Дағдарыстың шарықтау шегі 1993 жылға келді, сол кезде ІЖӨ 1,1 пайызға төмендеді. Машина жасаудың маңызды салаларында өндірістің төмендеуі 20-25 % болды. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 1991 жылы 5,5 %-ға, ал 1993 жылы 8,9 %-ға жетті. Экономикалық құлдыраудың негізгі себептері бірігу мәселелерімен байланысты еді. Шығысгерман