Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
рет бұзған жағдайда Ұйым құрамынан шығару құқына ие.
Әрбір мемлекет Бас ассамблеяда бір дауысқа ие. Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдері БҰҰ-ның ресми тілдері болып табылады.
БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес алты негізгі орган: Бас ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес, БҰҰ-ның Халықаралық соты және Хатшылық. Бас ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі саяси және заң шығарушы орган рөлін атқарады, ал Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес Бас ассамблеяға бағынышты. БҰҰ-ның Халықаралық соты тәуелсіз.
Бас ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелері кіреді. БҰҰ-ның жарғысына сәйкес ол мемлекеттердің ішкі ісіне араласа алмайды, БҰҰ барлық мүшелерін біріктіретін басты орган; жылдық, төтенше сессияларда қабылданатын қарарлар кеңес беруші сипатқа ие.
Қауіпсіздік кеңесі (бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, шиеленістердің алдын алу және шешуге жауапты тұрақты орган; шешімдері БҰҰ барлық мүшелеріне орындауға міндетті сипатқа ие; 15 мүшеден құралған – бесеуі тұрақты (Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция), 2 жылға аймақтық қағида бойынша сайланатын 10 тұрақсыз мүшеден (олар екінші мерзімге сайланбайды) тұрады. Қауіпсіздік кеңесі (ҚК) Ұйым жарғысына сәйкес БҰҰ мүше-мемлекеттері атынан әрекет етеді. БҰҰ мүшелері Жарғыға сәйкес Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін мақұлдап және орындайды. ҚК дау-дамайды шешуге, араласуға құқы бар, мемлекеттің өтініші бойынша және егер ол әлемдік бейбітшілікке қауіп төнген жағдайда оны бейбіт жолмен шешуге тырысады. Ал ол мүмкін болмаған жағдайда құрлықтағы, теңіз және әуе әскери күштерін пайдалануы мүмкін. ҚК Бас ассамблеяға жыл сайын, тіпті, қажет болған жағдайда арнайы баяндамалар дайындап тұрады.
Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС) – 54 мүше, үштен бірі жыл сайын 3 жылдық кезеңге қайта сайланып отырады. Ассамблея алдында жауапты: а) өмір деңгейінің жақсаруына; толық жұмысбастылыққа, экономикалық және әлеуметтік даму жағдайын жақсартуға; ә) халықаралық экономикалық, әлеуметтік, санитарлық және аралас мәселелерді шешуге, мәдениет және білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға; б) нәсілі, жынысы, діни сеніміне қарамастан адам құқы мен негізгі бостандықтарының сақталуына атсалысуға.
Кеңес жылына екі рет шақырылады: сәуір айында Нью-Йоркте, ал шілде айында Женева қаласында. Шешім қарапайым түрде Кеңестің мүшелерінің көпшілігінің қатысуымен және Кеңес мүшелерінің дауыс беруімен қабылданады. Кеңес құрамына төрт тұрақты комитет, он бір тұрақты сараптамалық топ, әртүрлі функционалды комиссия және бес аймақтық комиссия, сондай-ақ әртүрлі қосымша және арнайы сараптамалық топтар кіреді.
Халықаралық сот (барлық елдерге, оның ішінде БҰҰ-ға мүше емес мемлекеттерге де ашық басты заң органы) Гаага қаласында орналасқан. Сот он бес жоғары білікті соттардан тұрады, оны тоғыз жылға Қауіпсіздік кеңесі мен Бас ассамблея тағайындайды. Әрбір үш жыл сайын бес судья өзінен өкілеттілікті алады (қайта сайланбайды), екі судья бір елдің азаматтары бола