Практикалық археология. Ғани Омаров
арқылы аңғарып, ажырата білуі керек. Қиманьщ сызбасында қабаттар туралы ой-қорытындыларын басқа мамандар дұрыс түсінуі үшін масштабта дәл көрсеткені жөн. Сызбада ең көне заманнан кейінгі уақытқа дейін, яғни төменнен жоғарғы қабаттарға дейін нөмерленіп сандармен белгіленеді. Әрбір төменгі қабаттың үстіндегі қабат жастау, ал төменгі қабаты үстіңгі қабатқа қарағанда жасы үлкен, яғни ерте кезең, бірақ ол қаншалықты үлкен немесе кіші болатынын анықтау қиын, оған бірнеше себептер бар. Мысалға, құм қабаты тереңдікте жай селден аз уақыт ішінде қалып қалуы мүмкін, ал негізі бұл қабаттың қалыптасуы мыңдаған жылғы процессте ғана пайда болады. Қабаттардан табылған артефактілер әр дәуірдің кезеңдерін ажыратуға көмектеседі. Кейбір археологиялық ескеркіштер өте үлкен стратиграфияны қамтиды және олардың пайда болуы көп ғасырға созылған қалыптасу.
Мәдени қабаттың қалыптасуы, қалыңдығы оның зерттеу орнындағы халықтардың саны мен көбею деңгейіне, қалалық жайлылықтың жүйесіне, өртке, зерттеу орнының қолдану дәрежесіне (құрылыс, бақша, мола) және тағы басқа да факторларға, оның ішінде жалпы тұрақтап тұрған уақыт ұзақтығына байланысты.
Әртүрлі аудандағы мәдени қабаттың бұзылу деңгейінің айқындылығын анықтау үшін деректердің категорияларына статистика негізінде сараптама жүргізіледі. «Бұзылған» қабаттардан табылатын деректерге негізінен шегелер, фарфор мен фаянс бөлшектері, қыш ыдыс сынықтары және т.б. жатқызылады. Ал «бұзылмаған» (бұзылудың ізі жоқ) қабаттарда керамика, жекеленген деректер мен остеологиялық материалдар мөлшерінің жоғарлауы байқалады. Жалпы алғанда қабаттың сақталу деңгейі оның бірнеше рет қазылу нәтижесіне байланысты анықталады.
Қазба барысында мәдени қалдықтары бар бірнеше метрге созылған қабаттың қажетінше нақты стратиграфиясын білу өте маңызды. Сонда әрбір түсіне және құрылымына байланысты белгіленген қабатты кезеңдік кескін ретінде қарастыруға болады (бұл кескінде кездесетін топырақ, құм, күл және т.б. заттардың сызықтары локальдық құрылыс жұмыстарымен немесе өртпен байланысты). Зерттеуші тұтас алағанда анықталған кескіннің деректер құрамына, конструкциясына, оның ерекшелігіне қарап, тарихи маңыздылығына негізделе кескінге баға (қандай заттар көп және неге, кескіннің төменгі және жоғарғы беттерінде қандай құрылыстар кездеседі және т.б.) бере алады. Көп қабаттық объектілерде әрбір қабаттың нәтижесін өзара байланыстыру, сәйкестендіру маңызды болып табылады. Көп қабатты ескерткіштерде түсіне және құрылымына негізделе айқындалған жоғарғы және төменгі беттерінен бірдей заттардың кездесетіндігін байқау қиын емес. Осылайша кескіннен статистикалық зерттеу тәсілі арқылы нақтылы ашылған мәдени кезең белгілерін тауып, концентрацияның негізгі шекарасын анықтау қажет.
3.2. Нысанның әлеуметтік-топографиялық байланысы
Стратиграфиялық мәліметтерді археологиялық материалдармен сәйкестендіру, деректерден басқа құрылыс аумағы бар ежелгі орындарды зерттеуге