Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
бойынша оның жеке қасиеттерін бағалауда бір тоқтамға келеді. Бірінші кезекте олар ханның әскери қолбасшылық қызметіне көңіл аударады, оны ұрыс алаңында өте қатыгез, ұзақ уақыт соғыстарға қатысып жүргендіктен өте тәжірибелі әрі алғыр деп көрсетеді. Бұл жағы ханды қатыгез адам ретінде көрсетсе, ал ол жан-жағындағы жақын адамдарына тыныштық, тұрақты өмірді қалайтын адам ретінде белгілі болған.

      Бату ханның соғыстан кейінгі Алтын Орда ханы ретіндегі қызметі Орда тұрғындары тарапынан қолдау тауып, мемлекеттің экономикалық тұрғыдан гүлденуінің себепшісі болып табылады. Дәл осы кезеңде ол құрметті – «Сайын хан» (жұмсақ, адал) атағын иеленді, бұл атағы ол қайтыс болғаннан кейін де ең атақты есім ретінде сақталып қалды. Батудың мемлекеттік ішкі құрылымын ұйымдастырудағы бірінші жұмысы оның әскери қызметіне байланысты ұлыстағы жерлерді тарату болды. Бұнымен бірге салық жинауға ғана арналған мемлекеттік аппараттың құрылуы жүріп жатты. Алтын Ордаға кірмеген территория халықтарына қатысты басқарудың саяси жүйесін белгілеу керек болды. Бұл орыс жерлеріне қатысты еді. Осының бәрін Бату аздаған уақытта орындап шықты. Біртұтас моңғол империясының жаңа ұлысы құрылғаннан 3 жылдан кейін Карпинидің жазуы бойынша «Бату толық тұрақтылықта өмір сүрді, орынбасарлары және барлық уәзірлер оған бағынады». Оның данышпандылығын В. Рубрук та атап өтеді. Саяхатшы шөлді далада орналасқан хан ордасының кереметтігі сондай айтуға сөз жоқ деп жазады. «Мен Батудың сарайын көргенде оның үйі бір үлкен қалаға ұқсады. Бірақ та оның әскерінің бүкіл күштілігіне, Алтын Орда сарайының кереметтігіне қарамастан саяси қарым-қатынаста ол тәуелсіз болған жоқ, ол Қарақорымда басқарылатын империяның бір бөлігі ғана болды». Орталық билікке вассальды тәуелділікті Карпини де байқаған. Ол «Бату өзі бағынуға тиіс императорды ғана есептемегенде, бүкіл татарлардың князьдарымен салыстырғанда олардың барлығынан әлдеқайда күшті әрі мықты» деп көрсетеді. Бағынышты болған соң міндетті түрде салық төлеп отырды. Оның нақты санын білу үшін хан арнайы уәзірлерді тұрғындардың санын санауға жіберіп отырған. Алтын Орда хандары Владимирлік ұлы князьдарды тағайындай алмады, тек кішігірім билеушілерді тағайындап отырды. Дәл осы себептен Ярослав князь және оның ұлы Александр Невский князьдық атақтарын заңдастыру үшін ұзақ және қауіпті саяхаттарын Русьтан Моңғолияға жасау керек болды. Сонымен бірге Алтын Ордада хан тағына жаңа адамды отырғызу үшін де Қарақорым келісімін беру керек болды. Сондықтан хандар Алтын Орда тиындарына өздерінің атын қоя алмады. Оларға басқа мемлекеттермен дипломатиялық байланыстар орнатуға және шетел монахтарымен хат алысуына да болмайтын еді. Осыған байланысты Бату Карпини және Рубрук елшіліктерін Қарақорымға ұлы ханға жіберді, бірақ еуропалық елшіліктерді сонау алыста жатқан Моңғол империясынан гөрі, Алтын Орда көбірек қызықтырған еді.

      Бату ханның маңызды саяси бағыттарының бірі халықаралық транзитті сауда дамуына жақсы жағдай жасайды. Деректердің


Скачать книгу