Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
Прут-Днестр қос өзені аралығында орналасқан өзінің жеке ұлысына кетеді. Бұл айлакер саясаткер өз аумағын кеңейтіп, халықаралық байланысын жақсартты. Осы мақсатта ол Византия императоры Михаил Палеологтың қызы Ефросьиняға үйленеді. Христиан билеушісімен туыстық қатынас орнатқан соң ол Египет сұлтанына исламды қабылдағаны туралы жолдау жібереді. Сонымен бір уақытта ол Шыңғыс хан өсиетін және моңғолдың ежелгі дәстүрлерін сақтауды оған Бату өсиет етті-міс деген сөздер таратты.

      Ноғайдың мемлекет ішіндегі барлық саясаты Алтын Ордадан өз ұлысын бөліп шығуға және тәуелсіз хандық құруға бағытталған еді. Оған ұнамаған хандар – Туда Мәңгі және Төле Бұқа тақтан бірінен кейін бірі құлатылып, 1290 жылы сарай тағына Тоқтай көтерілді. Алғашында, өзінің билікке келуінде Ноғайға қарыздар ретінде оның барлық кеңестерін тыңдап, оны барынша қолдаған еді. Ноғай бұл уақытта өз билігін күшейткені сонша кейбір орыс князьдықтарын өзі билей бастады. Нәтижесінде орыс жылнамаларында оны «патша», яғни Алтын Ордан ханы деген лауазыммен атай бастады. Тоқтай мен Ноғайдың қарым-қатынастары алғашында достық тұрғыда болса, Тоқтай өзіне хандықты толық қаратып «Жошы тағында жалғыз өзі билік ете бастағанда», Ноғай мен Тоқтай арасындағы қарым-қатынас күрделене түсті.

      Тоқтай мен Ноғай арасында соғыс басталды. Осылайша, Алтын Орда бұл кезде мемлекеттің бөлінуіне алып келетіндей бірінші саяси дағдарысты кешті. Жеңістен кейін Тоқтай хан Алтын Орда бірлігін сақтап ғана қоймай, сонымен бірге орталық биліктің шынайы күшін және беделін қайта қалпына келтірді. Орталық биліктің және өзара қырқыстың күшеюі елдің экономикалық жағдайына да әсер етті, бөлек аумақтар арсында сауда байланыстары қайта қалпына келіп, сыртқы сауда күшеюіне жағдай жасады. Барлық жағдай Алтын Орда өз тарихының жаңа кезеңіне көшкенін көрсетті.

      Бақылау сұрақтары:

      1. «Жеті жылдық» жорықтың тарихи нәтижелерін талдаңыз.

      2. Бату және оның тұсындағы Алтын Орданың саяси дамуын сипаттаңыз.

      3. Берке хан тұсында Жошы ұрпақтарының ирандық хулагиттермен соғысының себептері неде?

      4. Алтын Орда тарихындағы тұңғыш саяси дағдарыстың туындауының сипаты мен салдарларын қалай бағалауға болады?

      5. Алтын Орда тарихындағы Ноғайдың орны мен рөлін талдаңыз.

      § 3. Алтын Орданың гүлденуі мен нығаюы (1312-1359 ж.)

      Тоқтай қайтыс болған соң (1312 ж.) ханның өсиеті бойынша таққа оның ұлы Елбасар отыру керек еді. Оны шаманизмді уағыздаушы дала ақсүйектері қолдады. Исламды уағыздаушы және қаланың сауда және мұсылмандық орталықтарымен байланысы бар феодалдық ақсүйектердің басқа бөлігі Меңгу-Темірдің немересі (Тағрұлдың ұлы) Өзбекті ұсынды. Әмір ҚұтлықТемір және хорезмдік діншілдердің басшысы Имам ад-дин Елмискари Елбасардың жақтастарын алдын ала көзін жойып Өзбекті таққа отырғызды. Таққа отырған Өзбек шамандықтарға қарсы күресіп, өзіне бағынғандардан исламға мойынсынуды талап етті.

      «Жылнамалар


Скачать книгу