Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
тараған 77 ханзада жазаға ұшырады. Соның ішінде кезінде Үгедей қағанның өсиетімен оның мұрагері болып жарияланған Ширамун ханзада да бар еді. Сонымен іс жүзінде Шағатай ұлысы Жошы мен Төле ұрпақтарының қолында қалды. Мөңке қаған тұсында Шағатай ұлысындағы билік Шағатайдың жесірі Орқына хатунның қолына көшеді. Осындай күрделі саяси жағдайлар қарапайым халықтың басына түскен ауыртпалықтарды қиындата түседі.

      Шағатай ұлысындағы саяси билікті қолына алған Орқына хатун елді тақ мұрагері атынан биледі. Бұл билеуші әйел будда дінін қабылдағанымен, мұсылмандарға қамқорлық көрсетуші ретінде сипатталып, мұсылман дінінде болған деген деректер де бар.

      Ұлы қаған Мөңкенің қайтыс болуымен орын алған кезекті саяси дағдарысты Моңғол империясының тұтастығын жойды. Ал бұл жағдай өз кезегінде ұлы қаған тағы үшін өзара күресуші топтардың арасындағы қиянкескі күреске ұласты. Тақ үшін талас Мөңке қағанның бауырлары Хұбылай мен Арықбұғы арасында өрістеді. 1260 жылы Қытайдағы моңғол әскері Хұбылайды ұлы қаған деп тапса, Қарақорымда Арықбұғыға да жақтастары адалдыққа ант берді. Осындай жағдайда шағатайлықтар Арықбұғыны ұлы қаған деп таниды. Хұбылай Шағатай ұлысына Шағатайдың ұлы Бөріден туылған немересі Абишке ханзаданы жібереді. Ондағы мақсаты шағатайлықтарды үгіттеп, өз жағына тарту еді. Абишке ханзада жолда қолға түсіп, Арықбұғы адамдарының қолынан қаза табады. Арықбұғы да қарап жатпай Шағатайдың Байдардан туылған немересі – Алғұй ханзаданы өз кезегінде ол да батысқа аттандырады. Алғұй Шағатай ұлысында белсенді қимыл көрсетеді. Орқына хатун Арықбұғыға, Қарақорымға кетеді. Ал Алғұй Шағатай ұлысының батысындағы Жошы ұрпақтарының билеушілерін қуып шығады. Ол,тіпті, бұрыннан Шағатай ұрпақтарына тиесілі емес аймақтарды, мәселен Хорезм мен Ауғанстанның солтүстік бөлігін бағындырады. Деректерде осы өлкелерде мекендеген жергілікті түркімен тайпаларымен қатар, «шағатайлық» жалайыр тайпасы туралы да айтылады49. Алғұй ханзада бұл табыстарынан кейін Арықбұғыны мойындау деген ойдан бас тартса керек. Себебі ендігі жерде Алғұй мен Арықбұғы арасындағы шайқастардың куәсі боламыз. Хұбылаймен соғыстан біраз үзіліс алған Арықбұғы бар күшін Алғұйға қарсы бағыттайды. 1262 жылы Сайрам көлі маңында Алғұй Арықбұғының әскерін талқандайды. Дегенмен келесі жылы көктемде Іле аймағында Арықбұғы әскерінен жеңіліс тауып, Шығыс Түркістанға қашуға мәжбүр болады. Арықбұғы әскері қысты Құлжа өлкесі мен Жетісуда өткізеді50. Деректерге көз жүгіртсек, Іле өлкесіндегі халықтан бидайдың мол қорын қолына түсірген Арықбұғы жылқыларын қыстай бидаймен қоректендірген. Ал моңғол әскерінің аттары бидай жеп жатқанда, жергілікті халық арасында аштық басталған. 1264 жылы көктемде бидайға үйренген жылқылар көктемгі жас шөптен қырыла бастайды. Осы кезде Арықбұғыға іштей наразы көптеген әскербасылар да оған қарсы бас көтереді. Осындай жағдайда Арықбұғыға қарсы Алғұйдың көп әскермен аттанғаны туралы да хабар


Скачать книгу

<p>49</p>

Мирхонд Раузат ас-сафа // МИТТ. – Т 1. – 597-б.

<p>50</p>

Бартольд В.В. Отчет о поездке в Среднюю Азию. – СПб., 1897. – С. 15