Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
ноғайлардың этногенезін моңғол және жергілікті қыпшақ тілдес тайпалармен байланыстырады. Ноғай Ордасының құрамына маңғыттармен бірге қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенегес, қарлұқ, алаш, тама және басқа рулар мен тайпалар енеді.

      XIII ғасырдың екінші жартысында Жошы ұлысының ең батыс бөлігіндегі ұлыста Жошы ұрпақтарының бірі, түмен басы Ноғай билік құрып, ол өз заманында ірі саяси тұлғаға айналады. Тіпті, өз ұлысын дербес мемлекет қылуға күш салады. Жазба деректерде Ноғайдың бұл әрекеті «Ноғай бұлғағы» деп аталады. 1299-1300 жылы Ноғай қаза тапқаннан кейін ұлыс таратылып, оның құрамында енген ру-тайпалардың бір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына көшіріледі.

      Ноғай Ордасының негізгі аумағы Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында, Еділдің төменгі бойында болатын. Негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ноғайлар Жайықтың сол жағалауы бойында көшіпқонып жүрді, олардың көшіп жүретін жерлерінің аумағына: солтүстікшығыста Батыс-Сібір ойпатына дейінгі, солтүстік-батыста Қазанға дейінгі, оңтүстік-батысында Аралдың солтүстігіне дейінгі жерлер жатты. Олар кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейін, Орталық Қазақстанға, Сырдың орта және төменгі ағысы бойына дейін көшіп баратын.

      Ноғай Ордасы ХІV ғасырдың соңына таман Алтын Ордадағы саяси бытыраңқылықтың өршіген кезеңінде Едіге бидің басшылығымен оқшаулана бастайды. Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы биліктен қуылғаннан кейін Едіге би Алтын Орданың «уақытша билеушісіне» айналып, іс жүзінде 15 жыл бойы (1396-1411) империядағы бүкіл билікті өз қолында ұстайды. Ол өз қалауынша жошылық сұлтандарды хан тағайындап және тақтан шеттетіп отырған. Жазба деректерде «Едіге өз Ордасында 200 мыңнан астам атты әскерді ұдайы ұстаған». «Беклербек» немесе «ұлы әмір» (әмир әл-умара) лауазымын иеленген ол өзі қойған хандар арқылы Алтын Орданы басқарып отырған. Оның мұрагері Нұр ад-диннің (1426-1440) билігі кезінде Маңғыт ұлысы Ноғай Ордасына айналып, жеке мемлекет ретінде өмір сүре бастайды.

      Ноғай Ордасы бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтың XV ғасырдағы саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Едіге ұрпағы Уақас бидің билігі тұсында ол Әбілқайыр ханмен жақындасып, маңғыттар «көшпелі өзбектердің» құрамындағы тайпалық одақтың бірі болады. Оның мұрагерлері Жаңбыршы, Хорезми бек, Мұса билер кезінде Ноғай Ордасы дербес саясат жүргізеді. Әсіресе Мұса бидің тұсында Ноғай Ордасы бұрынғы Жошы ұлысы аумағындағы ең мықты мемлекеттердің бірі болып, бүкіл аумақтағы саяси үрдістерде маңызды рөл атқарады.

      Ноғай Ордасы XVI ғасырдағы өзінің саяси дамуында үш рет үлкен саяси дағдарысты басынан өткереді. Олардың бәрінің себебі біреу ғана болды, ол – маңғыт мырзалары арасында билік үшін күрес болды. Алғашқы саяси дағдарыс XVI ғасырдың екінші он жылдығында Мұса би қайтыс болғаннан кейін оның үлкен ұлдары арасында өтеді де, сол ғасырдың 20-жылдары аяқталады.

      Екінші үлкен саяси дағдарыс XVI ғасырдың 50-жылдарының ортасында болады. 1552 жылы Қазан хандығын Мәскеу княздігі жаулап алғаннан кейін орыс патшасының ықпалы артып, ноғайлық мырзалар арасында Мәскеуді


Скачать книгу