Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов
бастарынан кешеді. Жент, Үзкент, Баршынкент секілді қалаларда жаппай қыру болмаса да, бұл қалалар моңғол әскерінің тонауына ұшырайды. Оңтүстік Қазақстанның басқа отырықшыегіншілік орталықтарының халқы да зардап шекті.
Жазба деректерде Қазақстан аумағындағы қалалар арасында Сыр бойындағы Отырар, Сығанақ, Ашнас қалаларының монғолдарға тегеурінді қарсылықтар көрсеткендігі туралы және де осы қалалар тұрғындарының қырғыншылыққа қатты ұшырағандығы жөнінде айтылады. Рашид ад-Диннің жазуы бойынша Отырар қаласы бес айдай қарсылық көрсетеді, бірақ та қалаға көмекке келген Қараша хаджибтің сатқындығы кесірінен монщл әскері қаланың ішіне енеді. Кдла билеушісі Кдйыр хан 20 мыңдай адамымен қала цитаделіне тағы бір айдай қарсылық көрсетеді. Кдланы толығымен алғаннан кейін, моңғолдар қала тұрғындарын сыртқа алып шығып, талан-таражға салады.
Отырар қаласынан кейін тұрғындары түгелімен өлтірілген Сыр бойының қаласы – Сығанақ. Сығанақ қаласының тұрғындары жауға өз еріктерімен берілуден бас тартып, туған қаласын бір апта бойы асқан ерлікпен қорғайды. Джувейнидің айтуы бойынша, Сығанақ қаласын жеті күндік үздіксіз шайқастардан кейін ғана моңғол әскері алып, тұрғындарын түгелдей қырып салады. Сығанақтан кейінгі моңғолдарға тегеурінді қарсылықты Ашнас қаласының тұрғындары көрсетеді. Қаланың қарапайым халқы табандылықпен қорғанады, бірақ күш тең болмай, жау қаланы алып, қала халқының басым бөлігін қырып салады.
Моңғол әскері өздеріне қатты қарсылық көрсеткен қалаларды қиратып, тұрғындарын түгелге жуық қырып отырса, қарсылық көрсетпеген қалаларды қиратпайды, бірақ та қала тұрғындарын қорқынышта ұстау үшін тұрғындардың аз ғана бөлігін өлтіріп отырады. Жаулап алушылар бағындырылған қалалардағы тұрғындардың көтерілістері мен қарсылықтарын болдырмау үшін бұрынғы басқарушылар мен олардың жақтастарын өлтіріп, орнына өздері тағайындаған адамдарды қалдырып отырады.
Профессор, ҚР ҰҒА Құрметті мүшесі Т. Омарбековтің деректер негізінде салған портреті
1220 жылдың сәуірінің соңғы декадасында Жошы бастаған моңғол әскерінің Сырдың төменгі ағысы бойындағы Женд қаласын алуымен моңғолдардың бұл бағыттағы жаулап алу ұрыстары аяқталады.
Сөйтіп, Хорезмшахтары мемлекетінің солтүстік аймағы және Дешті Қыпшақтың оңтүстік бөлігі болып саналатын, негізінен қыпшақтар мен қаңлылар мекендейтін Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы қалалар моңғолдардың қол астына қаратылады.
Моңғолдардың жаулап алуы барысында жергілікті тұрғындардың саны тек қала қорғаныстарындағы ұрыстарға байланысты азайып қойған жоқ, сонымен бірге моңғолдар басып алған қалалардың тұрғындары ішінен ер адамдарды, әсіресе жастарды басқа қалаларды қоршау ісіне күштеп жұмылдыруы, қолөнер иелерін және жас қыздар мен келіншектерді тұтқынға алуы да жалпы жергілікті халық санының күрт азаюына әкеледі. Жергілікті тұрғындардан іріктеп алынған ер адамдар қала қорғаныстарын бұзатын әскери құралдарды тасымалдауға,