Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa

Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер) - Гүлжауһар Көкебaевa


Скачать книгу
/p>

      Қазіргі заман тарихының мазмұны мен негізгі белгілерін мынадай салалар бойынша сипаттау қажет: 1) рухани даму; 2) саяси даму; 3) экономикалық даму; 4) халықаралық қатынастар; 5) отарлық жүйенің дамуы. Адамзат қоғамы тарихының рухани дамудан басқа аталған салаларының барлығында болған өзгерістерді екі кезеңмен сипаттауға болады: бірінші кезең – ХХ ғ. басынан 1945 жылға дейін; екінші кезең – екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан бүгінгі күнге дейін. Ал адамзат қоғамының аталған кезеңдегі рухани дамуын талдау мәселесіне қатысты алғанда ХХ ғ. бірінші жартысы тұтастай алынады.

      Қазіргі заман тарихы – бұл қазіргі заманғы өркениеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-рухани негіздерінің қалыптасу дәуірі. Бұл кезеңде еуропалық индустриалдық өркениеттің дағдарысы және постиндустриалдық даму сатысына өту үдерісі іске асты. Бұл үдерістің іске асуы құрылымдық экономикалық дағдарыстар, мемлекеттік реттеу жүйесінің қалыптасуы, ғылыми-техникалық революция, жаңа саяси идеологиялардың (фашизм, большевизм) және дәстүрлі саяси ағымдардың жаңартылған нұсқаларының (неолиберализм, неоконсерватизм) шығуы сияқты факторлармен анықталады. Марксизмнің жіктелуі нәтижесінде пайда болған социал-демократия қазіргі заманда көптеген дамыған елдерде саяси ағым және идеология ретінде берік орнықты. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік саяси кеңістікте түбірлі сапалы өзгерістер басталды, индустриалдық қоғамның саяси, экономикалық және рухани дамуында жаңа сипат пайда болды, либералдық демократияға альтернатива ретінде тоталитарлық қоғам негіздері қалыптасты. Индустриалдық өркениеттің дағдарысы тереңдеген кезде модернизациялау кеш басталған елдерде дамудың альтернативтік жолдарын іздеу процесі басталды, бұл социалистік қоғамның пайда болуына әкелді. Социалистік жүйе құрылды, алайда оның кеңестік үлгісінің өмірге бейімсіздігі және қоғамдық дамудың дербес үлгісі ретінде өмір сүруден қалып, ыдырауы. Батыстың озық елдерінің постиндустриалдық даму сатысына өтуімен қатар халықаралық қатынастар жүйесінде сапалы өзгерістер басталды: әлемнің екі полюсті жүйесінен көпполюсті жүйеге өту үдерісі іске асты.

* * *

      Семинар сабақтары – оқу үдерісінің маңызды түрі, ол студенттердің белсенділігін арттырады және қазіргі заман тарихының күрделі мәселелерін тереңдетіп оқытуға мүмкіндік береді. Семинар пәннің айрықша кең талдауды қажет ететін іргелі де өзекті мәселелері бойынша өткізіледі. Ұсынылып отырған оқуәдістемелік құралда «Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәні бойынша өтілетін семинар сабақтарына дайындалу, семинар тақырыптарының күрделі, өзекті мәселелерін бөліп алу және олардың мән-мағынасын түсінуге мүмкіндік беретін әдістемелік кеңестер, семинар жұмысының құрамын анықтайтын, керекті материалдарды табуға көмектесетін нұсқаулар берілген. Оқу-әдістемелік құралда берілген деректерден үзінділер студенттердің берілген мәселені құжаттар негізінде талдауға дағдыландырады, ал қосымша әдістемелік материалдар оларға тақырыптың маңызды мәселелері туралы алған білімдерін жинақтап, қорытуға көмектеседі.

      I бөлім

      ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНІҢ 1918-1945 Ж. ДАМУЫ

      1- семинар

      Германиядағы 1918-1919 ж. революция

      Талдауға ұсынылатын мәселелер:

      1. Соғыстың сонғы жылдарындағы Германия экономикасының күйзелісі.

      2. Саяси күштердің арасалмағы. Социал-демократияның ықпалының өсуі.

      3. Революцияның басталуы, оның мақсаттары, қозғаушы күштері және сипаты.

      4. Халық Өкілдері Кеңесінің құрылуы және қызметі.

      5. Құрылтай жиналысының шақырылуы.

      6. ГКП құрылуы. 1919 жылғы Берлиндегі жұмысшы қозғалысы.

      7. Бавария Кеңестік Республикасы.

      8. Революцияның қорытындылары.

      Деректер мен әдебиеттер:

      1. Ватлин А.Ю. Германия в XX веке. – М., 2002.

      2. Либкнехт К. Избранные речи и статьи. – М., 1961.

      3. Ноябрьская революция в Германии: сборник статей и материалов. – М., 1960.

      4. Хрестоматия по новейшей истории. 1917-1945. – М., 1987.

      5. Драбкин Л.С. Ноябрьская революция в Германии. – М., 1967.

      6. Драбкин Л.С. Становление Веймарской республики. – М., 1978.

      7. История Германии / ред. Б. Бонвеча Ю.В. Галактионова: В 3-х т. Т. 2. – Кемерово, 2005.

      8. История международных отношений в Европе (1918-1945 гг.) в документах и материалах. – Барнаул, 2004.

      9. Көкебаева Г.К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы: оқулық. І б. – Алматы, 2008.

      10. Көкебаева Г.К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы: хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2014

      11. Миллер С., Поттхофф Х. Краткая история СДПГ. 1848-1990. – М., 1999

      12. Руге В. Германия в 1917-1933 г. – М., 1974.

      13. Хаффнер С. Революция в Германии 1918-1919 г. Как это было в действительности. – М., 1983.

      14. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время (1918-1945). – М.: Инфра. – 2000.

      Әдістемелік нұсқаулар:

      Бірінші


Скачать книгу