Бағалым. Эльмира Сәрсенбайқызы

Бағалым - Эльмира Сәрсенбайқызы


Скачать книгу
p>© Эльмира Сәрсенбайқызы, 2021

      ISBN 978-5-0053-0939-6

      Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

      Жас ақын, филолог, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Эльмира Сәрсенбайқызы Есхожаева 1987 жылы 18- маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауыл аймағында дүниеге келген. Жастайынан өнерге құштар Эльмира бала күнінен өлең жазып, өлеңдері түрлі аудандық газеттерге ұсынылып отырған.

      2015 жылы «Бір мұңым бар» атты электрондық жеке жыр жинағы шықты.

      2017 жылы «Жүрекке жылы жүз өлең» электрондық жыр жинаққа көптеген өлеңдері іріктеліп алынды.

      2018 жылы «Жауқазын гүлдегенде» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді.

      2019 жылдың қараша айында «Іңкәрім» өлеңдер жинағы жарыққа шықты.

      Бағалым

      Тағатым таусылып сағынып, аңсаудан,

      Сіз үшін ақын боп жыр жазып, ән салғам.

      Тағы да көшеге шықтым бір үмітпен,

      Шығар ма деп сізді күлімдеп қарсы алдан.

      Маңайым көп адам, қозғалыс көлденең,

      Таңырқай қараймын қарбалас елге мен.

      Ұқсатқан екем ғой, тағы да сіз емес,

      Ең алғаш кездескен жерге мен келген ем.

      Көздерім іздейді… әлі де қарап тұр,

      Таяуда келмейсіз… таусылды тағат құр.

      Сағыныш сезімін өлеңге қосып ап,

      Осылай жырлайды екен ғой әр автор.

      Дәрменсіз күй кешіп, көңілді жүдеттім,

      Суықтан өн бойым тоңды ма… дір еттім.

      Сізден бір смс келіпті… алақай,

      Шаттанып, жаураған жүрекке гүл ектім…

      «Қарақат көзім- ау, сағынам, үздігем,

      Сен үшін сүйем ғой көңілсіз күзді мен, —

      дегенді жазыпсыз, күткенім осы еді,

      Сол үшін бағалап өтемін сізді мен…

      Бағалым

      Үндемейсіз, үнсіздік пе досыңыз,

      Болмай жүр ме әлде көңіл- хошыңыз?

      Жау көрердей не жазып ем сізге мен,

      Мұндай күйге қашан түстік осы біз?

      Қаламайсыз, тағы үнсіздік арада,

      Тұз сепкендей онсыз да ауыр жараға.

      Бір ашылып сөйлемейсіз қырсығып,

      Қайтсем екен, сізді мынау, жан аға?

      Сезім жатыр арамызда… іркілген,

      Көкте Күн де арылмады- ау күркірден.

      Жек көрді ме, бәлкім, бізді бұл өмір,

      Көп көрді ме, кезімізді бір күлген?

      Бақытты сәт өтті талай бізде көп,

      Жалын еді- ау, сөнбейтұғын біздегі от.

      Мен бе, бәрін аңдаусызда бүлдірген,

      Көрінбестей үнсіз кеткен сіз бе, жоқ?

      «Келеді әлі» дейді бір кез үмітім,

      Ал, түйсігім «жалған» дейді мұны тым.

      Солай, солай күндер зулап өтуде,

      Күтуменен жолға қарай күні- түн.

      Бүгін тағы жылап алдым, не етейін,

      Жылап тұрып, сырымды айтып кетейін.

      Сізге деген сағынышын баса алмай,

      Тілім- тілім шерге толды көкейім.

      Махаббаттың білемісіз, көркі не,

      Жылау… шыдау мұң- қасірет, дертіне.

      Сағыныштың сары алқасын іліп ап,

      Күйіп, тіпті, жанып кету өртіне.

      Жараландым, білемісіз, аға, мың,

      Бір ашылмай қойды- ау бүгін қабағым.

      Кім не айтса, айта берсін, бәрібір,

      Мен сүйген жан өзіңізсіз, Бағалым!

Ақын жаны

      Оратылып жатқанда дала мұңға,

      Қара күздің қаяу бар қабағында.

      Біртүрлілеу бір өксік тіреліп тұр,

      Ақынның жүрегі мен жанарында.

      Сыр шертті демеші оны өлеңіне,

      Өлеңінің қара үңіліп, тереңіне!

      Жылап жатса бір ақын сұрама да,

      «Себебі не» дей көрме… керегі не?

      Жақынының көп көріп қиянатын,

      Жанарынан ащы жас жиі ағатын.

      Ғашық болса біреуге, таңырқама,

      Ақында да жүрек бар сүйе алатын.

      Жұмбақтау шығар елге, не сіз үшін,

      Ақынның жаны нәзік, негізі шын.

      Ақынды жақсы көру жақсы шығар,

      Ал, оның жанын ұқсаң… егізісің!!!

      Эльмира Сәрсенбайқызы

      – Ой иірімі

      –

      – Тағы атты таң,

      – күңгірт қала, боз дала,

      – Ағаштар тұр сыбыр- сыбыр қозғала.

      – Ақ қар түсіп,


Скачать книгу