Қанжар. М-К. А. Тузелбаев

Қанжар - М-К. А. Тузелбаев


Скачать книгу
тек сол ғана атқара алады. Егер орын ауыстыру керек болса Лу Хао өзінің жасырын «мамандығын», жазушы – саяхатшылықты қолданады, ал команданың қалған мүшесі «жүк» ретінде тасымалданады.

      – Әрине. Бірақ алдын – ала ескертеміз, әрбір килограм жүк үшін 12 балл сұраймыз. Әрине, егер қосадқы ақы төлеймін десеңіз бәрін жоғары дәрежеде жасаймыз. – адамдардың ішінен алақ – жұлақ киінген жасы 45 – 50 жыл шамасындағы ер адам келді.

      – Қажеті жоқ, жәй ғана апарып берсеңіз болды. – Лу Хао жүк тасушыға ақшасын беріп, есік жаққа қарай жол алды.

      Жүк тасығыштардың ішінен бірнешеуі ұшып келді. Олардың барлығында орнатылған таразысы бар. Жүк салғыштан 2 және көліктің үстінгі секциясынан 3 саяхатқа арналған сөмке алынды. Бұндай көп жүктің болуын Лу Хао өзінің мамандығында қолданатын құралының көне дәрежелі жазба машинкасы (неге нақты сондай құрал деп сұраса ондай машинканы бұзып алуға болмайтындығымен түіндіреді) және барлық мағлұматтар мен жазбаша материалдардың қағаз бетінде болуымен түсіндіреді.

      Кез – келген пунктерде сияқты олардың кіріп келген странцияда көптеген процесстер мен еңбек күштері автоматизацияланған. Кіре беріс есік өздігінен ашылды. Талондар мен билеттер автоматты түрде арнайы диваистардың көмегіен тексеріледі. Лу Хао өзінің электронды билетін скрибо арқылы тексертті. Бүгінгі таңда скрибо телефондар мен смартфондарды диваистық тақтан «ысырып» тастады.

      Жүк тасығыштан заттарды механикалық қолдар конвейірдің үстіне қойды. Қазіргі таңда әрбір станциялар мен қақпаларда кіріп – шығатын адамдар мен олардың жүктерін тексеруші сканерлеуші аппараттар орнатылған. Осындай аппараттардан өздерін жасыру үшін жасырын соққы күштері металдарды арнайы технологияның көмегімен белгілі пропорциялармен біріктіру арқылы жаңа алдамшы құйманы ойлап тапқан болатын. Құйма сканерлеуші аппаратқа олардмен қапталған жол дорбаларының ішінде «жүктелген» заттардың бар екендігін көрсетеді.

      Әдеттегідей бұл жолы да экранда жазба машинкасын, көптеген қаламдар мен дәптерлерді, әртүрлі ыдыс – аяқ және өзге де күнделікті өмірге қажетті заттардың өңі көрінді.

      Әрине, бір адамға барлық адамдарды және аппаратуралар мен құралдарды бір рейспен тасымалдау мүмкін емес. Сол себепті әдетте тек команда мүшелерінің өздері ғана және ең керек деген заттар ғана өздеріен бірге алып жүреді.

      Үшінші бөлім: Жолда

      Талғар – Шілікті темір жолы; 57 – номірлі жолаушылар поездъі; Жүктер сақтайтын бөлімше;

      – Ауу, кім бар? – вагонның қараңғы бұрышынан жуан дауысты адамның дауысы естілді.

      – Аарх, Дәмиан, сен не, тотықұссың ба? Қалайша адамның жарты сағат бойы әрбір екі минут бойы бір сұрақты қайталап сұрай беретінін түсінсем бұйырмасын? – артынан жіңішке дауысты адамның дауысы естілді.

      – Жәй ғана мен түсіне алмаймын, неге маған әрқашан мен тығылатын чемодан меннен 2 размер кіші.

      – Себебі саған келгенде кез – келген чемодан 2 размерге кіші, ахаха. – ең үлкен сөмкеден Ардоның дауысы


Скачать книгу