Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы. Нарша Булгакбаев

Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы - Нарша Булгакбаев


Скачать книгу
болады. Біз зымырандарды ұшырдық, аспанды толық бағындырамыз деп ойладық, интернет пен роботтарды ойлап таптық, өмір жұмаққа айналады деп ойладық, бірақ содан кейін бәрібір әлі бір нәрсе жетіспейтіндей адамдардың бойында «көңіл толмаушылық» пайда болды. Ол артынан «көңіл тоймаушылық» – қа айналды.

      Метафизикалық заңдылық: адамға әлі де бір нәрсе жетіспесе ол көңілсіз болады.

      Будданың философиялық ілімі «қалауды» тастау және осылайша жеңілдеу және ішкі соғысты жою болды, осылайша олар адамға жедел әрі бақытты болудың қарапайым жолын ұсынып отыр. Бірақ бұны сіз қазіргі заманның адамдарына айтып көріңіз, олар бұл идеологиядан бірден бас тартып, қарсы болады.

      Бұл идеология маңызды болғанымен, бұл толық салынып біткен жол емес. Сіз қабылдау керек маңызды фактілердің бірі – қазір БАР екеніңізді қабылдау және сізде БАР нәрсенің бағасын білу. Сонда сізде жан тыныштығы пайда болады және сіз шын бақытты адамдар сияқты қуана аласыз.

      Сіз нені күтсеңіз, ол сізді күтеді, сіз қайда барғыңыз келсе, ол сізге қарай барғысы келеді. Міне осы – толық салынып біткен жол. Бірақ әлі де сапасыз.

      Бұл кітаптың идеологиясы қазіргі БАР – ыңызға қанағат етіп, сізде БАР нәрсені ғана қабылдап, өмір сүруді (шығармашылықты) тоқтату керек дегенді білдірмейді. Керісінше сіз қалағанның бәрі сіздің миыңызда (қазіргі болмыс деңгейіңізде) БАР дегенді білдіреді. Ми (болмыс) – сізді бақытқа жеткізе алатын жалғыз меншігіңіз. Жаратылыс деңгейінде сіз өз миыңызбен қазірден бастап өзіңізді бақытты сезіне бастасаңыз болады, әрекет ету мен иелік ету – ді екінші планға қойып. БОЛ, ІСТЕ, АЛ темасына қайта оралайық.

      Өмір – бұл тек АЛ – у ғана емес

      Көптеген адамдардың өмірінің мәні – өмірден бірдеңе АЛ – у. Ал ақиқатында АЛ – атын ештеңе жоқ. Бізге тек БОЛ – у керек. Түпкі нәтижені беретін болмыс (ми). Сіз міндетті түрде түсінуіңіз керек, сіздің өміріңіздің ІСТЕ мен АЛ дейтін бөліктері – өміріңіздің сапасын анықтамайды. Сіздің өміріңіздің сапасы экзистенциалды аспектімен анықталады. Экзистенциализм – қазіргі философия мен әдебиеттегі иррационалистік (ақылмен ғана шектелмейтін) бағыт, адамның болмысын зерттейтді, ақиқатты түсінудің негізгі әдісі ретінде бейсананы растайды. Сіздің кім екеніңіз – сіздің өзіңіз туралы саналы қабылдауыңыз – сізбен не болып жатқанын басқарады.

      Сіз проблемаларды шешуге және жағдайды жақсартуға тырысқанда, өте бір қызық жағдай болады, сіз – БАР нәрсені байқамай, ұмыта бастайсыз. Сондықтан бақыт пен қанағат табудың жалғыз жолы – дәл қазір БАР нәрсеге көңіл толу, көңіл тою. Сонымен сізде не БАР? Біздің ойымыз әрдайым ЖОҚ нәрсені ойлауға дағдыланған. Сіздің БАР – ыңыз өмір (физикалық) және ғайып (метафизикалық) заңдылықтарға сәйкес келе ме? Сәйкес келмесе сіздің өміріңіз жалған, ал бізге бақытты болу үшін ақиқат қажет. Ақиқаттың не екенін мен алғашқы Үш кітапта (Бақытты болуды үйреніңіз!) айттым.

      Тағы да қайталайын, мен сізге мақсат қоймаңыз немесе жоспар


Скачать книгу