Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің. Нелли Давыдова
тіпті: «Ұйықтамасаң қасқыр алып кетеді», – деген секілді тәнімізге катері бар сұмдықтарға айналады. Менің ойымша, мен одан әлі де қорқатын сияқтымын: егер төсек астында біреу болса ше, ал жаман қыздарды міндетті түрде тістеп алады.
Сырт көзге қазір біз ересектер сияқтымыз, саналымыз, бірақ бірдеңе істеу керек болсақ денеміз, көп нәрсеге жауап бергенде, кейде тіпті дүрбелең қорқыныш түріндегі реакцияларды беруді жалғастырады. Бәріміз болашақтан қатты қорқамыз. Біз мұны санамен түсінбесек те, бәрібір, болашақтан қорқамыз.
Біз бала кезімізден солай тәрбиеленгенбіз – өзімізді қорғау үшін қорқамыз, өйткені ересектер өздерінің игі істерін жасай отырып, бізге нақты қауіп-қатерден ғана емес, сонымен бірге жапырақтың сыбдырынан да қорқуды үйретті. Ал бұл қорқыныш ішімізде, түпсанамызда жатыр.
Біз қорқатынымызды көбінесе мойындамаймыз, жәй ғана ақыл болашаққа қадам баспаудың және бірдеңе жасамаудың жақсы себебін ойлап табады. Бізде қорқыныш жоқ, бізде нақты себеп бар – деп ойлаймыз. Бірақ бәрібір, себептер тек қорқыныштан пайда болады.
Біз қазір балалық шақта пайда болған нақты ойлар туралы біле алмаймыз, бірақ біз жаман болу қорқынышты, қабылданбау қорқынышты, қажетсіз болу қорқынышты, олар бізді жақсы көрмесе қорқынышты және қателіктер жібермеуге тырысуымыз керек екенін білеміз, және де мұндай ойлар бірнеше рет басымызға келген.
Бағдарламаның негізі бала кезінен қалыптаса бастады, содан кейін олар балабақшада, мектепте тамыр жайды, онда қателіктер үшін «екілік» алу одан да қорқынышты, содан кейін ата-аналар қайтадан ұрысып, бастарын шайқайды, және де: «Олар мені жақсы көрмей қояды, мен керек болмай қаламын», – деген қорқыныш тағы бар. Жұмыста қателікке байланысты басшылар сыйақыдан айырады, сөгіс жариялайды. Отбасында да қателікке байланысты жанжал болады.
Кез келген жағдайға тап болған сайын біз қорқыныштан әрекет етеміз. Себебі туыстардың немесе қоғамның қабылдамауы өте қорқынышты. Ол біздің инстинктіміз деңгейінде жұмыс істейді.
Біз бүкіл нәрсемен біртұтас организмнің жасушасы сияқтымыз. Ал егер дене осы жасушадан бас тарта бастаса, бұл қалай болатынын елестетіп көріңіз – бұл өлім ғой. Ал біздің өлгіміз келмейді, біздің өмір сүргіміз келеді және өз болмысымызды қабылдағымыз келеді және мұны біздің өмірімізді қабылдайтын бүкіл әлем қолдағанын қалаймыз.
Сондықтан қателік жасау қорқынышы бізді өмір бойы мазалайды, бұл біздің шешімдерімізге және осы шешімдердің салдарына әсер етеді.
Сонымен қатар, біз әрқашан дерлік жетіспеушіліктен әрекет етеміз. Ақыл әрқашан өз назарын бізде жоқ нәрсеге аударады, және, әрине, бізде бар нәрсе біздің назарымызға түспейді. Бізді бақытты ететін тілектерімізді орындау үшін бізде бар ресурстар мен игіліктерді көрмейміз.
Мұның себебі – қорқынышқа негізделген ойлау үлгілері. Өйткені, біз өз мүмкіндіктерімізді көре бастасақ, әрекет етуіміз керек болады. Және бұл қауіпті, қорқынышты.
2 ТАРАУ. ОСЫНЫҢ БӘРІНЕН АҚЫЛ ҚАЛАЙ ҚОРҒАНБАҚ?
Ал