Ислам модернизациясы. 1 Бөлім. Нарша Булгакбаев

Ислам модернизациясы. 1 Бөлім - Нарша Булгакбаев


Скачать книгу
салыстырғанда өткінші лəззат» («Найзағай» сүресі, 26-аят);

      «Ақиқатында, Бізбен кездесуді үміт етпегендер, дүние тіршілігіне қанағат етіп, оған разы болғандар, сондай-ақ аяттарымызды ұмытқандар, тапқандары үшін от оларға пана болады» (Юнус сүресі, 7-8 аят).

      Бұл тек дүние тіршілігін ғана мойындап, оған сүйеніп, Алланың белгілеріне немқұрайлы қарап, Оған жолығудан үміттенбейтіндердің барлығына жасалған ең үлкен ескерту.

      Алла Тағала дүниеден разы болған мүміндерді сөгіп: «Əй, иман келтіргендер! Неліктен сендерді Алла жолында жорыққа шақырғанда, жерге қатты құлайсыңдар? Ақыреттен гөрі дүние тіршілігіне ризасыңдар ма? Бірақ дүние тіршілігінің өткінші лəззаты ақыретпен салыстырғанда шамалы» («Тəубе» сүресі, 38-аят).

      Ал Амр ибн Ауқтың (Алла оған разы болсын) хадисінде Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын): «Алланың атымен ант етемін, мен сендерге кедейлік келеді деп қорықпаймын. Мен жер бетіндегі дүние, сенен бұрын жайылғандай, сендерге жайылып, сосын олар жарысқандай, сендер де оған жарысасыңдар жəне олар құрдымға кеткендей, сендер де құрып кетесіңдер деп қорқамын» (əл-Бұхари, Муслим). Хадистің бір нұсқасында: «…жəне оларды қалай баурап алса, сендерді де баурап алады» (əл-Бухари, Муслим) делінген.

      Бұл тақырыпта көптеген қасиетті мəтіндер бар жəне кімде-кім Аллаға деген сенімі мен махаббатын нығайтып, оны жамандықтар мен кемшіліктерден қорғағысы келсе, дүниелік сəн-салтанаттан аулақ болуы керек жəне жердегі азғыруазғырушы адамдардан немесе топтардан сақтануы. Алайда, бұл Ақиқат туралы ойлағанда ғана мүмкін болады.

      Жердегі өмір өткінші, ал дүние игіліктері тез бұзылатын, тұрақты емес, кемелсіз жəне елеусіз. Егер адам олар үшін жарысып, солар үшін талпынса, онда олар оған көптеген қиыншылықтар мен қайғылар əкеледі, бұл дүниеде болмаса да ақыретте. Ақырында, өлім сəтінде дүниеге деген махаббат жоғалып, уақытша бақыт тоқтап, оның орнын мұң мен өкініш басады.

      Ақырет өмірі мен оның таянуы, əрі болмай қоймайтын басталуы туралы ойлау керек. Ол ұзақ жəне мəңгілік, ал оның пайдасы мен қуанышы ұлы жəне асыл болады. Олар біздің жердегі дүниеден мүлде басқаша болады, өйткені Аса Пəк Алла Тағала бекер айтпаған: «Бірақ жоқ! Ақырет жақсырақ əрі ұзағырақ болса да, дүние тіршілігін артық қоясыңдар» («Аса жоғары» сүресі, 16-17 аяттар).

      Дүние нығметтері кемшілікке толы жəне өтпелі болса, ақырет нығметтері кемел əрі тұрақты. Адам осы екі ақиқатты ойлап, дүние мен ақыретке дұрыс қараса, болашақ өмірді, яғни мəңгілік өмірді артық көретіні жəне бұл өтпелі дүниеге арқа сүйемейтіні сөзсіз. Алла Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын, оның сахабалары мен олардың өмір жолындағы тағдыры туралы ой жүгірту оған осында көмектеседі. Дүниелік заттарды тастап, олардан бас тартты; оларды жан-тəнімен жақсы көрмеді жəне оларды өз ізденістерінің объектісіне айналдырмады. Олар бұл дүниені жұмақ емес, түрме деп санады, аскетикалық өмір салтын ұстанды жəне жердегі сəн-салтанаттан аулақ болды. Бірақ егер олар оны қаласа, олар


Скачать книгу