Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев

Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
дүниежүзілік соғыс зардабын ескере отырып, халықтардың бейбіт өмір сүруіне кесірін тигізетін және осы мақсатта басқыншылық соғысты дайындау үшін жасалынған іс әрекеттің конституцияға қайшы екендігін және ол қатаң жазалануға тиіс екендігін Негізгі заң нақтылы жариялайды”, – деп көрсетеді [44]. Фашизм үстемдік еткен Германия үшін ендігі жерде демократиялық және құқықтық мемлекет орнату, соның негізінде негізгі еркіндіктер мен адам құқықтарын бекіту және нығайту ауадай қажет еді. Ал осы жолдағы нығаюға, Германия Федеративтік Республикасының Еуропа Кеңесіне мүше болуы өте тиімді әсер ететіні айқын. Сондай-ақ осы Еуропа Кеңесі көлемінде басқа да еуропалық мемлекеттермен, әсіресе Франциямен қарым-қатынасқа түсуінің сыртқы саяси астары да өте маңызды.

      Өйткені осы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін табиғи кен байлығы мол Саар мен Рур аймақтары да Француз Республикасының бақылауына өткен еді. Ал 1949 жылы АҚШ пен Ұлыбританияның қысымымен Франция Рур ауданын басқаруға қатысты халықаралық мекеме құруға келіскені аян. Соған байланысты Франция, Германия Федеративтік Республикасы, Ұлыбритания, АҚШ, Бельгия, Нидерланды және Люксембург мемлекеттері мүше болған Рур жөніндегі Халықаралық ұйым 1949 жылдың сәуір айында құрылады [45, s.45]. Бұл мекеменің негізгі міндеті де – Рур аймағының кен байлықтарын келешек қандай да бір мемлекет өзінің басқыншылық саясатына орай пайдаланып кетпеуін қадағалау болатын. Әрине, мұндай мекеменің құрылуы осы аймаққа тікелей көзін тіккен Франция мен Германия Федеративтік Республикасының көңілінен шықпады. Өйткені бұл ұйымда аз дауысқа ғана ие болған Германия Федеративтік Республикасы Рур аймағына толық бақылауды өз қолына алып, Рур аймағын толығымен өз аумағына қосуды көздеді. Франция болса осы Рур аймағындағы көмір мен болат өндірісінің кеңейе түсуіне шектеулік жасауда АҚШ пен Ұлыбританияның ешқандай белсенділік көрсетпеуіне наразы болды. Жалпы, экономиканың осы саласы Францияны өте мазасыздандырды, өйткені бұл – келешек германдық әскери саладағы негізгі шикізат көзі, оған қалай да ұлттық мемлекеттен тыс органның бақылау жасауы қажеттіліктің белгісі болды. Рур мен Саардың мәртебесі жөніндегі мәселе, сондай-ақ француз-герман қатынастарын реттеу, келешекте германдықтардың қайта қарулануын болдырмау мәселесі тек осы көмір мен болат өндірісін халықаралық тұрғыдан реттеу арқылы ғана қандай да бір нәтижеге жетуі мүмкін екендігі ойластырылды. Бұл кезеңде бүкіләлемдік деңгейдегі халықаралық жағдай да шиеленісе түскені белгілі.

      Еуропа құрылығында саяси-әскери жағдайға байланысты, екі жүйе арасындағы “Қырғи-қабақ соғысының” үдей түсуінің нәтижесінде еуропалық қорғанысты қамтамасыз ету үшін Солтүстік атлантикалық топ құрылғаннан кейін, жалпы Германияға қатысты 1949 жылдың 25 маусымында Францияның сыртқы істер министрі Р.Шуман Ұлттық жиналыс алдында: ”Көп рет маған Германияны Атлантикалық пактіге қатысуға рұқсат етуге болады ма? деген сұрақ қойған еді. Мұндай сұр�


Скачать книгу