Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов

Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов


Скачать книгу
негізге алынатын элемент болды. Оның үстіне неоклассикалық мектеп (А. Маршалл) тұлғалардың әлеуметтік-бейтараптық мінез-құлқының жалпы қағидаларын қалыптастырды: қанау да, еңбектің капиталға бағыныштылығы да жоқ, адамдар тек максималдауға ұмтылады (кәсіпкерлер пайданы, индивидтер пайдалылықты). Максималдауды анықтаудың құралы шекті шамалар болып табылады: шекті пайдалылық, шекті шығындар, шекті табыс;

      – «кейнсиандық төңкеріс» кезеңі – ағылшын экономисі Дж. Кейнстің есімімен және еңбектерімен байланысты, қазіргі макроэкономиканың қалыптасу кезеңі болып табылады. Аталған ұстанымның ерекшелігі тоқырау экономикасы жағдайында тепе-теңдікке қол жеткізу үшін мемлекеттің араласу қажеттілігін негіздеу болып табылады;

      – экономикалық ілімдер тарихының соңғы 40 жылдық кезеңін либералдық доктрина (Фрайбург және Лондон мектептері, монетаристік теория) және неоинституционализмнің қайта өрлеу дәуірі ретінде сипаттауға болады. Оның үстіне ХІХ ғ. аяғында пайда болған институционализмнің белгілі бағыттарының маңызы барған сайын артып келеді. Бұның себебі шаруашылық жүйенің дамуындағы постиндустриалдық вектор деп есептеуге болады, ол талдау негізіне институт немесе институциялар феноменін қояды. Қазіргі жағдайда әлемдік шаруашылық байланыстар мен ішкі ортаның күрделенуі полифониялық экономикалық көрініске әкеледі, оның өзекті негізіне А. Смиттің классикалық постулаттары да, маржинализмнің шекті шамалары да, Л. Вальрастың тепе-теңдік моделі мен Дж. Кейнстің макроқұрылымы да кіреді. Теориялық экономиканың гносеологиялық «көп қабаттылығын» ұғыну – экономикалық ілімдер тарихының айнымас рөлі мен нақты құндылығын көрсетеді.

      Әдебиеттер:

      1. Экономикалық ілімдер тарихы: оқу құралы / Р. Елемесовтің редакциялауымен шығарылды. – Алматы: «Қазақ университеті», 1997 – 152 б.

      2. Исқалиев М.Д. Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі қөзқарас (методологиялық, теориялық, іс-тәжірибелік аспектілері). – Алматы, 2004. – 299 б.

      3. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. – М., 1994. – 720 с.

      4. Всемирная история экономической мысли: В 6 т. Т. I. – М., 1987 – 606 с.

      5. Ядгаров Я.С. История экономических учений: учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 480 с.

      6. К. Эрроу – Развитие экономической теории с 1940 года: взгляд очевидца // Вопросы экономики. – 2010. – № 4.

      7. http://gallery.economicus.ru

      Түйін сөздер: кумулятивтік және эволюциялық көзқарас, ғылыми абстракция, материалистік диалектика, тарихи қағида, монизм қағидасы, классикалық саяси экономия, пролетарлық саяси экономия, «маржиналистік төңкеріс», «кейнсиандық төңкеріс», монетаристік концепция, институционализм.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Экономикалық ілімдер тарихы курсының мәніне анықтама беріп, оның ерекшеліктерін сипаттап беріңіз.

      2. Экономикалық ілімдер тарихы курсында талдаудың әдістемелік қағидалары қандай?

      3. Экономикалық


Скачать книгу