Фирмалар қаржысы. Баян Купешова
ық субъектiлерiмен қаржылық қарым-қатынаста бoлу, төлеу қабiлеттiлiгiмен және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Фирманың өз мiндеттемелерiн уақытылы өтеу мүмкiндiгi oның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетедi. Кез келген фирманың қаржылық қызметiнiң қалыпты бoлуы, әсiресе алдына қoйылған мақсаттарына қoл жеткiзу үшiн қажеттi жағдайларды туғызуда oның қаржысын ұйымдастыру мен басқарудың маңыздылығы өзектi мәселе бoлып табылады. Oның төлеу қабiлеттiлiгiнiң кепiлi бoлып табылатын өнiм өндiрудiң үздiксiздiгiн және фирманың қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жoлдарын қарастыру өте маңызды.
«Фирмалар қаржысы» пәні компания қаржысын, инвестициялық ресурстарды зерделеу жөніндегі қызмет және бизнестің табыстылығын бағалау болып табылады.
«Фирмалар қаржысы» пәнінің мақсаты – фирмалар қаржысын ұйымдастырудағы теориялық және тәжірибелік негіздерді зерттеу, оларды тұрақты жағдайға жету мен пайданы оптимизациялау мақсатында тиімді басқару.
«Фирмалар қаржысы» курсын оқу нәтижесінде студент: түрлі меншікті нысандағы кәсіпорындар қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері мен нарықтық экономика жағдайындағы корпорациялардың қаржылық қатынастары бойынша теория және тәжірибелік білімге ие болу керек; фирманың қаржылық жағдайын бағалай біліп, қаржылық жоспарлар мен болжамдар жасай алуы тиіс; экономиканың тұрақсыздық жағдайында фирмалардың түрлі салаларда қызмет ету барысында дұрыс қаржылық шешімдер қабылдай білу.
1. ФИРМАНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАСҚАРУ МАЗМҰНЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Фирма қаржыларын басқару мақсаты мен міндеттері
Фирмалар қаржыларын басқарудың бүгінгі таңда ғылым мен тәжірибеде қалыптасқан заманауи мектептері мақсатты бағыттарын таңдаудың түрлі жолдарын ұсынады.
Нарықтық мектеп (америкалық мектеп) капиталдың шашылуымен (меншікті және қарыз капиталдарының иелері ақция және облигациялар ұстаушылары болып ұсынылған) меншік иелерінің басқаруда қатысумен қатар ақша ағындарын бақылау деңгейінің төмендігімен негізделген. Қаржылық және қор нарықтарының дамуымен жақсы құқықтық базаның болу барысында иелердің мұндай қатысушылығы жеткілікті. Ол қаржылық ақпараттар мен қаржылық шешімдердің ашық болуы және компания капиталының нарықтық құнын максимизациялау стратегиялық мақсатын қамтамасыз етеді. Меншік капиталы 100 %-ды құраған жағдайда бұл мақсат нарықтық капитализацияны максимизациялау деп аталады.
Қарыз капиталының бар болуы мен кредиторлар қызығушылығын ескеру қажеттілігінің болған жағдайында мақсат компанияның барлық капиталын максимизациялауға трансформацияланады (меншікті және қарыз капиталдарының нарықтық бағаларының жиынтығы).
Осы мақсат фирмалар қаржыларын басқару теориясында көптеген қолдауға ие болып, түрлі мемлекеттердің корпорацияларының дамуында тәжірибелік жетістікке жетіп, өзінің өміршеңдігін дәлелдеген.
Бұл тұжырымдаманы америкалық деп атау шартты деуге болады, себебі Ұлыбритания, Франция және континенталды Еуропа мемлекеттерінің компаниялары үшін қор нарықтарына шығу мен капиталдың нарықтық құнын максимизациялау мәселелері маңызды болып танылады.
Байланысты (банктерге бағытталған) әдіс байланысты қаржы жүйесінде жұмыс жасайды. Мұнда қарыз капиталын әлсінәлсін бөлу мен контрагенттер араларында тікелей қаржылық тәуелділік болады. Меншіктің мұндай құрылымында, менеджерлер шешім қабылдауда компанияның стратегиялық бағытында да капиталды максимизациялау мәселесіне көңіл бөлмейді.
Бірінші кезекке салынған қаражаттардың табыс әкелуін қамтамасыз ету, әлем нарықтарына шығу мен жаңа қаржылық тәуелділікті орнату болып танылады.
Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аумағының компаниялары көбінде Еуропа компаниялары бас тартатын жобаларды қабылдайды. Ол капитал құнының төмен негізделуі мен тәуекелдің төмен бағаға ие болуымен байланысты. Мақсатты шарттар жобалар бойынша классикалық ұсыныстардан бас тартуға әкеледі, мысалы нөлдік немесе теріс нәтижелі таза дисконттық табысты жобалар қабылданады. Ол нарықта орынға ие болып қалу және өндірістік немесе қаржылық шынжыр қалыптастыру үшін жасалады.
Нақты өмірде мақсатты көрсеткіштерді таңдау көптеген факторларға тәуелді: ұйымның ұйымдастыру формасы, өмір сүру ұзақтығы, елдегі жалпы экономикалық жағдай және т.б.
Фирманың даму мақсаты нақты белгіленуі тиіс, қисындалған, ішкі құжаттармен белгіленген және ұйымның барлық қызметкерлеріне мәлімет жеткізілуі керек.
Фирма қаржыларын басқарудың мақсатын құру келесілерді қарастырады:
− банкроттыққа ұшыраудан қашу және ірі қаржылық сәтсіздіктен (шығынданудан);
− сату көлемі мен түсім;
− бәсекелестермен күресудегі жетекшілік (қаржыгер көзқарасы тұрғысынан, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші капиталдың рентабельділігімен байқалады, яғни пайда капиталының 1 бірлігіне);
− компания бағасының максимизациясы.
Соның барысында қаржылық менеджердің соңғы жұмысының мақсаты – фирма бағасын максимизациялау, ол төмендегідей факторларға тәуелді:
− пайда алу ұзақтығы;
− жобаланған