Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков
Жетісуда Батыс қидандардың династиясын негіздеген қара-қытайлық Елюй Дашидан көмек сұрауға мәжбүр болды. Алайда Қара-қытайлардың кезінде де Қарлықтар Іле аңғарында және Алтайда айтарлықтай күшті болды. Осында олар Қаялықта және Алмалықта шағын ұлыстар орталықтарын құрды». Бұл этно-саяси бірлестіктер болашақ Алаш қауымдастығын құрайтын азаттық аңсаған тайпаларды қалыптастыруда едәуір ықпалды рөл атқарды.
Түркітілдестердің Біріккен (Ұйғыр) қағанаты
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қадыр қасиетіне жету үшін бірнеше ғасырлар бойы әртүрлі атпен өмір сүрген ежелгі түркілер қағанаттарының күйреу себептерін түсініп алуымыз керек. Түркі мемлекеттігінде мызғымас дәстүрге айналған Ашына әулетінен хан сайлау жүйесін ұйғырлардың Яғлақар тайпасының көсемі Құл-бойла(Л.Гумилевта-Пейло) келмеске жіберді. Ол 745 жылы тақта отырған Басмыл тайпасының ханының басын кесіп алып, Тан императорының астанасы Чананьға жіберді және өзін Құтлық Білге деген лауазыммен хан ретінде мойындауды ұсынды. Тақтан қуылған Ашына әулетіне ілескен түріктердің қалдығы қытайға қашып, ақыры сонда табғачтарға араласып, ассимиляцияға ұшырап, жойылып кетті. Яғлақар тайпасы бастаған Онұйғыр рулары тарихи сананы мүлде жойып жіберу үшін Ашына әулетінен қалған тарихи ескерткіштерді талқандауға кірісті. Осы зобалаңның барысында атақты Күлтегіннің де мүсіні талқандалып, оның басы денесінен бөлініп қалды. Осындай бүліншілікке басқа түрік ақсүйектерінің мүсіндері де ұшырады. Адамзат үшін аса құнды асыл мұралар осылайша надандықтың құрбандығына айналды. Яғлақар ақсүйектері кезінде өздері бағынышты болып бас иген, және өздеріне бауырлас түркітілдес халықтар соңына шам алып түсті. Енді мемлекет атауы болып келген «Түрік» этнонимін «Ұйғыр» этнонимі ауыстырды.
Ұйғыр атанғандар о бастан-ақ түркітілдес Оғыздардың тайпалық бірлестіктері аясында өсіп-өнген рулар мен тайпалардан құралды. Сондықтан да белгілі түркітанушы ғалым М.Жолдасбеков олар құрған мемлекетті Біріккен Түркі қағанаты деп атауды ұсынды. «Ұйғыр»этнонимі төңірегінде әртүрлі пікірлер бар. Олардың ішінде біздің ойымызша Әбілғазының түсіндіруі шындыққа әлдеқайда жақын. Ол «Ұйғыр» этнонимінен «сүттей ұйыған»(біріккен) деген мағынаны қабылдап, мұндай атауды ру-тайпалар бірлестігіне атақты Оғызханның бергенін атап көрсеткен еді. Шындығында да Ұйғырлардың Тоғыз оғыздар одағынан бөлініп шыққандарын ескерер болсақ, бұл айтылғандардың тіптен де негізсіз еместігін байқар едік.
О баста ұйғыр руларының бабалары ежелгі Чиди, Динлин тайпалық бірлестіктері құрамында көшіп-қонып жүрді. Бұлардың байырғы ғұндардың да аталары екендіктерін ескерер болсақ, ұйғырлардың кім екендігі әйгілене түседі. Ғұндардың билігі ыдыраған соң, Орхон аймағында Теле тайпалар одағы ұйымдасты. Енді Ұйғырлар бабалары осы конфедерация құрамында көшіп-қонып жүрді. V ғасыр ортасында Ашына бастаған Алтынтаудағы (Алтайдағы) түркілер осы Телелердің 40 мың үйлік бірлестіктерін бағындырып,