Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы - Т. Омарбеков


Скачать книгу
қазанға симай жүрген» басын түйістірмесе. Осындайда жаратқанның әділдігіне еріксіз бас иесің. Жауларына аса жауынгер, ержүрек тайпалар ретінде мәлім бола тұрса да, дархан даланың кеңдігін, қайырымды да мейірімді пейілін бойларына сіңірген, және азаттықты әрқашан ту етіп көтерген, бөрілі байрақты көшпелілер тағы да толық тәуелсіздікке жеткізетін этно-саяси үрдістер ықпалына түсті. Бұл күллі түркітілдестердің басын біріктіретін, және олардың бүкіл Еуроазия аймағын тітіренткен және дүр сілкіндірген қуатты державасын – біртұтас Түрік қағанатын өмірге әкелетін ұлы жолдың берік бастауы еді.

      Азаттықтың арайлы таңы Ұлы Түркі қағанаты еді

      Бүгінгі шаңырағы еңселі Тәуелсіз Қазақстанның тереңде жатқан этно-саяси тарихына бойлай бастасаңыз, ел болып еңсе көтеруімізде және қазіргі ұлан-ғайыр аймаққа біржолата қожалық жасауымызға Түркілер қауымдастығы құрған Ұлы Түркі қағанатының берік бастау, мызғымас ірге болғанын ұғына бастайсыз. Әсіресе 552-630 жылдар аралығында бұл мемлекет тарихи ұлы держава деңгейіне көтеріліп, төңірегіндегі төрткүл дүниеге өзінің еркін күшпен таңды, «бастыны идіріп, тізеліні бүктірді». Әрине түркі атанған халық, және оның алғашқы қағанаты аяқ астынан пайда болған жоқ. «Түрік» этнонимі тарих санасына VІ ғасыр ортасында шықса да, түркі тілдес халықтың қалыптасуы біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтардан бастау алатын, ұзақта аса күрделі үрдіс. Орхон жазуларындағы жылнаманы оқыған жұрт «Түрік» атауы «мықты», «күшті» деген мағынаны білдіреді деп түсінеді. Шындығында бұл Тиграхауда сақтарының атымен байланысты «шошақ бөріктілер», немесе дулығалылар дегенді аңғартады. Кезінде Іле өзенінен терістік шығысқа қарайғы аймақта сақтардың хұндармен қойындасып жатқан өлкесінде осы түріктердің алғашқы мемлекетін ұйыстырушы Нағыт Түріктің 10 әйелінен тараған Ашына (Ашина) әулеті елге танымал бола бастады. Қытайдың ежелгі жылнамасы бұл туралы былай дейді: осы әулет басқарған қауым «өсіп-өрбіп бірнеше жүз отбасы болды. Бірнеше ұрпақтан кейін олар бірінен соң бірі үңгірден шығып нөнелерге (жужандарға-Т.О.) бағынды. Алтынтаудың (Алтайдың-Т.О.) күнгейін мекен етіп, нөнелерге темірші болды. Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Олар дулығаны өз тілдерінде «түрік» дейді. Осылайша бұл сөз олардың халық аты болып қалды».

      Қытай ежелгі жылнамасы түріктер қайдан шықты деген сауалға да жауап беруге тырысады. «Түріктердің арғы аталары ғұндардың солтүстігіндегі сақ елінен шықты, – дегенді оқимыз одан, – олардың ұлыс абасы Абам бек деп аталады». Ия, азаттық сүйгіш арғы бабалардан бізге белгілісі де осы Абам бек. Одан жоғарыда аталған Нағыд Түрік шад, одан Ашына, одан Ақын шад. Міне байырғы шежіре бастауы осылай.

      Сондай-ақ, қытай деректері түріктердің алғашқы көсемдері қатарында Апанбо, Еженшидо, Нар тілек шад, Ежен шад, Тай ябғу деген тарихи тұлғаларды атап кетеді. Олардың түркілердің басын қосып,


Скачать книгу