Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс

Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары - Жомарт Жеңіс


Скачать книгу
ал қимақ-қыпшақтардың Ертiс маңынан батысқа қозғалысы, Орхон ұйғырлары мен Енисей қырғыздарының шығыс Тянь-Шаньға келуi – Шығыс Түркiстанның жергiлiктi халқын батысқа айтарлықтай ығыстыруға, қарлықтардың Орталық Азияға орын ауыстыруы батыс Тянь-Шаньдағы халадждардың оңтүстiк-батысқа жылжуына, Сырдария маңы оғыздарының батысқа одан әрi жылжуына, қимақтар мен оғыздардың печенегтерге қысымы, соңғыларының бiр бөлiгiнiң төменгi Едiл мен Қара теңiз маңына кетуiне мәжбүр еттi де, Орта Азиядағы жергiлiктi түркi тiлдес компонент Орталық Азия мен Саян, Алтай түркiлерiнiң есебiнен толықты».

      VІІІ ғасырдың ортасында Орталық және Орта Азияда iрi оқиғалар болды. Құрамына шiгiлдер кiрген қарлықтармен қақтығыс нәтижесiнде оғыздар Жетiсу маңайын тастап Сырдария мен Арал маңы бассейнiне кетуге мәжбүр болды. Нәтижесiнде оғыздар жаңа жерде, бұл аймақты оларға дейiн мекен еткен печенег-қанғар тайпаларымен қақтығысты. Көп жылғы соғыстар нәтижесiнде оғыздар қанғар-печенег бiрлестiгiн талқандап Батыс Арал маңы мен Солтүстiк Каспий далаларын жаулап алды. Печенегтермен ұзақ уақыт бойғы соғыс ІХ-Х ғасырлардағы оғыз тайпа одағының қалыптасуына және саяси консолидацияға алып келдi.

      Осылайша, ІХ-ХІ ғасырлардағы Орталық Азиядағы миграциялық процестердiң нәтижесiнде орын алған түркi халықтарының территориялық орын ауыстырулары етек алып, ХІ ғасырдың басында Қазақстан мен Орта Азия территориясында олардың орналасу аймағы айқындалды.

      Негiзгi кәсiбi мал шаруашылығы болып, малдарының қажеттiлiгiне орай меридиан бойынша көшкен түркi тайпалары қыстауы шаруашылыққа қолайлы оңтүстiктiң жылы аймақтарына қарай ұмтылды. Бұл туралы қазақ зерттеушiсi Н. Масанов: «Мекен ету ортасының табиғи ресурстары және көшпелi қоғамның өмiр сүруiн қамтамасыз ету, өндiрiс циклiн ұйымдастыруда қысқы жайылым мен жазғы маусымның аса бағалы екенiн анықтады. Бұл, бiрiншiден, өсiмдiк жамылғысының төменгi азықтық құнарлылығының әсерiнен малдың жаппай қырылуына ұрындыратын жылдың қысқы климаттық жағдайының айрықша қаталдығынан, күнделiктi табындап жайылу, қардың көп түсуi, күштi жел, т.с.с. Сондықтан да көшпелiлер мал шаруашылығының қажеттiлiгiне орай қысқы жайылымға ерекше назар аударды. Еуразия көшпелiлерiнiң қысқы жайлауы негiзiнен көшу ареалының оңтүстiгiнде шөл және шөлейттi аймақтарда орналасты», – дейдi. Шаруашылық қажеттiлiк итермелеген түркiлер осылайша салыстырмалы бос жатқан отырықшылар аймағын мал жайылымы ретiнде пайдалануға мәжбүр болды.

      Х ғасырда оғыздар қыста өз аттарының табынын Каспий теңiзiне қарай айдады. Бұл жерлердегi қарсыласушы күш оғыздарға тосқауыл бола алмады. Сондықтан да Хазар патшасының өзi келiп, көптеген әскермен оларды керi қайтарып отырды. Әрине, көшпендiлердiң бұл қозғалысы сол жерлердiң отырықшы халықтарының заңды қарсылықтарын туғызды. Бiрақ мал жайылымдарының жетiспеушiлiгi мен қажеттiлiк түркiлердiң қозғалысына еш кедергi бола алмады. Ортағасырлық деректерде оғыздардың Хорезммен соғыстары туралы жазылады. Абу Райхан Бируни күз сайын Хорезм шахтар түркi-оғыздарды өз шекарасынан әрi


Скачать книгу