Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa
тұрақты және ажыратылмайтын тәуелсіздігін мойындайды және құрметтеуге міндеттенеді. … Германия Брест-Литовск бітімшартының, сондай-ақ оның Ресейдегі Максималистік Үкіметпен жасаған басқа да әртүрлі шарттарының, келісімдерінің немесе конвенцияларының күші жойылғандығын түпкілікті мойындайды… .
І бөлімше
ГЕРМАН ОТАРЛАРЫ
119- бап. Германия өзінің мұхиттың арғы жағындағы иеліктеріне қатысты барлық құқықтары мен құқық негіздерінен Басты Одақтас және Бірлескен мемлекеттердің пайдасына бас тартады… .
VIII бөлімше
ШАНДУНЬ
156- бап. Германия 1898 жылдың 6 наурызында Қытаймен жасаған келісіміне орай ие болған барлық құқықтарынан, құқық негіздерінен және Цзяочжоу территориясына қатысты артықшылықтарынан, теміржол дардан, кеніштерден, су астындағы сымдарынан және Шандунь аймағына қатысты барлық басқа келісімдерінен Жапонияның пайдасына бас тартады.
Циндаодан Цзинаньфуға дейінгі теміржолға, оның тармақтары мен вокзалдар, қоймалар, материалдық бөлігі мен қозғалмалы құрам сияқты әртүрлі жабдықтарына, кендер, мекемелер, кендерді пайдалануға қажетті материалдарға германдық иелік құқығының барлығы онымен байланысты басқа құқықтар мен артықшылықтарды қоса Жапонияға беріледі және оның иелігінде қала береді.
Герман мемлекетінің Циндаодан Шанхайға және Циндаодан Чифуға дейінгі су асты өткізгіштері олармен байланысты барлық құқықтарымен, артықшылықтарымен және меншігімен тап осылайша Жапонияға беріледі және олар міндеткерліктерден босатылады.
157- бап. Цзяочжоу жеріндегі Герман мемлекетінің иелігіндегі қозғалмалы және қозғалмайтын меншікке құқықтары, сондай-ақ осы жердегі жақсарту жұмыстарына қатысты тікелей немесе жанама шығындарына орай оның алуға талаптанатын құқықтары Жапонияға беріледі және оның иелігінде қала береді, олар міндеткерліктерден босатылады.
158- бап. Германия осы келісім күшіне енген соң үш ай мерзім ішінде Цзяочжоу жерінің азаматтық, әскери, қаржылық, соттық және басқа басқармасына қатысты барлық мұрағаттарды, реестрлерді, жоспарларды, құқық негіздерін және құжаттарды, олар қай жерде болса да, Жапонияға беруге тиісті.
Барлық ұлттардың қарулануын жалпы шектеуге дайындықты мүмкін ету мақсатымен Германия төменде белгіленген әскери, теңіз және әуе ережелерін қатаң сақтауға міндеттенеді.
І бөлімше
ӘСКЕРИ ЕРЕЖЕЛЕР
160-бап. 1920 жылдың 31 наурызынан кешікпей герман әскері жеті жаяу әскер дивизиясынан және үш атты әскер дивизионынан артпауға тиісті.
Осы сәттен бастап Германияны құрайтын мемлекеттер әскерінің жалпы адам саны офицерлер мен сапта жоқ құрамды қосқанда жүз мың адамнан аспауға тиісті, ол тек қана ел ішіндегі тәртіпті сақтау үшін және шекаралық полиция үшін ғана пайд аланылады.
Офицерлердің жалпы адам саны қандай құрам екендігіне қарамастан штаб қызметкерлерін