Айналаңды нұрландыр. Ғалым Мұтанов
қуана қарсы аламыз Жаңа жылды,
Білсек те кетіп ол азайтарын өтпелі өмірді.
Келіп-кетіп, жеткізгенде олар шегіне ғұмырды,
Тоқталады сол жылы, қарсы алу Жаңа жылды!
Әркім дүниеде не қалдырып, нені алар?
Елеуінен жадының, өткендері жинақталар.
Жиғанға, ғұмырының соңында салсаң назар,
Мазмұны өмірінің, осылайша анықталар.
Ағынында өмірдің, жоқ мүмкіндік қайтып соқпақ.
Тағдыр – теңіз толқыны, нені іліп, не қалдырмақ?
Кезегімен лақтырса да, біздерді жағалауға,
Сарқылмайды, өзегінен өмірдің аққан бұлақ!
ӨМІРДЕ БӘРІ ТЕҢБЕ-ТЕҢ
Өмірде бәрі теңбе-тең,
Жақсылық та, жамандық.
Қайсысын таңдап аласың?
Мақсатыңа қару ғып.
Соған қарап білінер,
Әрбір басқан қадамың.
Соған қарап берілер,
Бағасы да қоғамның.
Өзіңе ие бола алсаң,
Жақсылықты жолдас ет.
Адам болып туған соң,
Адам болып өту міндет!
ЗАМАНА – ҚАЙЫҚ
Замана – қайық, келеді алып,
Дүние-дария толқынында.
Барлығымызға бағыт анық,
Белгілі баратын орнымыз да.
Замана – қайық, ортақ уақыт,
Әр жанға оны өлшеп берген.
Барлығымызды таңдап уақыт,
Табыстырған тағдырменен.
Замана – қайық, ортақ кеңістік,
Іші толған оның жақсы-жаман.
Барлығымызға керек келісім,
Қалу үшін қайықта аман.
Уақыт ортақ, кеңістік ортақ.
Бағыт біреу, бізге белгіленген.
Барлығымызға ортақ мақсат –
Кешіп өту дарияны абыроймен!
ОРТАҚ БАҒЫТ
Барлық жанға бұл дүниеде,
Ортақ екен бір бағыт.
Ол бағытты айқындайтын,
Күндіз-түні тоқтамайтын уақыт.
Уақыт өте өсіп, ер жетерсің,
Мүмкін кемел жасқа келерсің.
Бірақ та бір сәтте бөгелмей,
Мәреге жетіп, дүниеден өтерсің.
Толассыз жалғасады уақытпен,
Адамдардың өмірдегі көш жолы.
Бағыт ортақ бізге болғанымен,
Болады әр адамның өз жолы!
ӨМІР КІТАБЫ
Атқан таң, батқан күнмен,
Ашылып, жабылады,
Өмірдің әр парағы.
Әр пенде, әр күнде,
Өзі жазып, қалдырады,
Күнделікті тірлігін.
Сол парақтар құрастырар,
Тұтас болып кітап,
Әр адамның ғұмырын.
Мақсат емес қалыңдығы,
Ерекше оның маңызы –
Мәні менен мазмұны!
Бұл кітаптың аса құдіреті –
Негіз болар ашылғанда,
Әркімнің «Амал дәптері»!
АДАМ – ҒАЛАМ
Әр адам, бір ғалам,
Бойында оның тоғысқан.
Қайшылықтар үнемі,
Бір-бірімен алысқан.
Бар олардың дұрысы,
Бар олардың бұрысы.
Анықтайды оларды,
Әр адамның болмысы.
Біле алмай дұрысын,
Қабылдауға