ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы. Ө. Әбдиманұлы

ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы - Ө. Әбдиманұлы


Скачать книгу
алғанда, ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің басты белгісі – ең алдымен азаттыққа ұмтылу, соған “ояту” әдебиеті болғандығында деп тануымыз керек.

      Бірақ “оятудың” жолын әрбір өнер иесі өз көзқарасы арқылы айқындады. Мәселен, бірі (ағартушы-демократтар) оны тек ағартушылықта, әлеуметтік теңсіздікті жоюда, екіншісі (ұлт-азатшылдар) ұлт болып азаттыққа, теңдікке, бостандыққа ұмтылуда, соған қол жеткізуде деп білсе, үшіншілері (діни-ағартушылар) адамгершілік тәрбиесінің негізі діни-рухани бостандыққа насихаттауда деп ұқты.

      ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі басты тақырыптар. Ең алдымен, мұсылмандық идеясын көтерген діни тақырып үлкен орын алды. Оның басты себебі – ХХ ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты крестьяндарды қазақ жеріне молынан қоныстандыру, сол арқылы билеп-төстеудің қуатын арттыру, рухани тонау, шоқындыру шараларын жандандыра жүргізумен сабақтастырыла іске асырылды.

      Міне, осындай белгілі бағыттағы іс-әрекеттер күшейе түскенде, Ресейдегі өзге мұсылман жұртындағыдай қазақ даласында да “мұсылмандық қозғалысы” өріс алды. Бұл, әсіресе, діни-ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығына ерекше әсер етті. Олардың осы тұстағы өлеңдерінде ой еркіндігі өзгеше тыныс ашқандай. Замана туралы толғаныстар діни ағымдағы өзекті оймен өріліп отырады.

      Діни-ағартушылардың адамдық жақсы қасиеттерді қалыптастыруды тікелей дінмен байланыстыру өзге бағыттардан көзқарас алшақтығының нақты белгісі. Сондай-ақ, жастарды оқу-білімге шақыра отырып, жақсы мен жаманның, білімді мен білімсіздің парқын айырып, ізгі қасиеттерді тікелей діни ұғым-таныммен байланыстыра жырлауға ден қояды.

      “Халықты ояту” идеясын діни бағыттағы ақын-жазушылар адамгершілікпен, имандылықпен, діни іліммен астастыра отырып, Абай салған сыншыл реализм жолына түсіп, ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетте өзіндік деңгейде із қалдырды. Олар тек діни уағыз аясында қалып қоймай, қоғамдық өмірдегі, тұрмыс-тіршіліктегі келеңсіз жайларды сынай да білді. Діни имандылық, ізгілік идеялары тұрғысынан өз тұсындағы әлеуметтік теңсіздік көріністерін шама-шарқынша көрсетіп отырды.

      Қазақ халқын, әсіресе жастарды оқу-білімге, өнер-ғылымға шақыру ХХ ғасырдың басындағы барлық бағытқа тән десек те, бұл саладағы ағартушы-демократтардың еңбегін ерекше айтуымыз керек.

      Қазақ жастарының ел арасындағы арзымас іспен күні өтіп, “екі ауылдың арасында тентіреп жүргені” жандарына қатты батқан ақын-жазушылар, ағартушылық ұранды барынша көтерді.

      Ағартушы-демократтар ұлтының орыс отаршылдарының езгісінде тапталып жатуының себебін, ең алдымен, білім-ғылым жоқтығынан деп білді. Сондықтан Абай өсиет еткен “Мақсатым тіл ұзартып, өнер шашпақты” берік ұстанды. Ал, өнер-білімге, оқуға үндеу ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі өрлеу мен ізденістің нәтижесінде дүниеге келіп, бар жанрға басты тақырып ретінде желі болып тартылды. Мәселен сол тұста кең етек жая бастаған проза жанрындағы “Жас ғұмырым яки жастық ғафлаты” (1907),


Скачать книгу