.

 -


Скачать книгу
көркемдік, сондықтан да сыртқы түр мен ішкі мазмұнының құйылып түсуі қажет екендігін Сұлтанмахмұт басты талап ретінде қояды. Оның пікірінше, шығарманың көркемділігіне орай айтар ойы, көтерер проблемасы терең де нақты болуы керек. Сонда ғана ақын өлеңі діттеген жеріне жетпек. Мақаладағы өлеңге қойылар талаптар поэзия тілімен мөлдірете жеткізген Абайдың өлең туралы толғамымен ұштасып жатқанын аңғару қиын емес.

      Осы мақаласында Сұлтанмахмұт пікір айқындылығына қоса тіл тазалығы үшін де күреседі. “Мен тілімізге шата тілдердің шалмасуынан бегірек тілдің ағыны теріс бейімделіп, өріс алып бара жатуынан қорқамын”, – деп қазақ тілі үшін дәл бүгін де өзекті болып отырған мәселенің ұшығын шығарады. Қазақ поэзиясының сол кездегі дамуы жайында сөз қозғай отырып, әрбір туындының соны әуен, тың идеямен көрінуі шарт екенін айтады. Қазақ қаламгерлеріне Абай поэзиясын үлгі етіп ұсынады.

      Сұлтанмахмұт екінші мақаласы “Өлең мен айтушылар” да алғашқы мақаласын толықтыра, әдебиет пен өнер жайлы пікірлерін бекіте түседі. Ол көркемөнердің мәдениетке, үлгі-өнегеге баулудың ғылым-білім сияқты маңызды құралы екенін айтады. Өнер мен өнерпаздың қоғам өмірінде алар орнын белгілеп береді.

      Сұлтанмахмұттың “Жаңа кітап” атты үшінші бір мақаласы 1913 “Айқаптың” 17санында жарияланады. Онда ақын-сыншы М.Дулатовтың “Азамат” жинағына сын жазып, ендігі әдебиетті сын тезіне сап түзетудің, талғап-талдаудың бағыт-бағдарын ұсынады. Сұлтанмахмұт мақалалары – сол кездің өзінде бүгінгі күнге дейін өзекті болып отырған мәселелерді өткір қоюымен, насихаттаған идеясын дәлелдеуімен бағалы да құнды.

      “Айқап” журналында қарақыпшақ Қобыланды жырына рецензия, М.Ғ. деген автордың “Тіл әдебиет”, Ғ.Мәмековтің “Өлең жырларымыз” Ж.Әубәкірдің “Тіл уә әдебиетімізді сақтарға керек”, Ж.Тілеулиннің “Баспасөз”, Е.Қасболатовтың “Баспасөзге қарсы”, М.Тұяқовтың “Кітаптар жайынан”, “Роман жарысы туралы” тағы басқа мақалалар жарық көрді. Бұлар жаңа да өскелең әдебиетімізге қатысты көп мәселелерді әр қырынан қарастырып, кейбірі өрелі ойларымен, салихалы пікірлерімен өзекті мәселелерді көтерсе, кейбірі биік межеден көріне алмады.

      “Айқап” журналымен қатар ”Қазақ” газеті де әдеби танымның қалыптасуына зор үлес қосты. “Қазақ” газеті – шыққан күнінен бастап, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жанашыры ретінде үлкен эстетикалық өреге көтеріле білген бірден бір басылым. Ондағы қазақ әдебиеті жайынан жарияланған мақалалардың авторлары – Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов т.б. ірі тұлғалар. “Қазақтағы” әдебиет жайлы мақалалардың басты жетістігі – әдебиеттің күрделі мәселелерін көтерумен бірге сол әдебиетті қалыптастырған басты тарихи тұлғалар жөнінде де кейінгі ұрпаққа құнды мәліметтер қалдыруы. Осы ретте Ахмет Байтұрсыновтың ұлы Абай жайлы жазған “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласы (“Қазақ”, 1913, N39, 40, 43) әдеби ой-пікірдің ең озығы ретінде көзге түсетіндігін атап өткен жөн.

      Бұл


Скачать книгу