Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов

Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов


Скачать книгу
Ардагерлер кеңесі орналасқан. Ағамыз сол ұйымның төрағасы.

      Алла ғұмыр берсін, ардагер аға!

2000 ж.

      ӨШПЕЙТІН ОТ

Дәметкен ДӘУРЕНБЕКОВА

      Адамдардың көңілін жадыратып, қуанышын шалқыта түсейін дегендей бүгінгі күн де алтын нұрын төгіп тұр. Аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Таңғы ерке самал жүзіңді жұмсақ желпиді. Жайдары жазға сай жеңіл де сәнді киінген қала халқы алаңға қарай лек-легімен кетіп барады. Қолдарында алуан түрлі шарлары бар, асыр салып ойнаған балалардың шат күлкісі көктемнің көркін мадақтаған құстардың үнімен ұласып, бейне бір әсем музыкадай жаныңды тербейді.

      Бұл астана халқының Ұлы Жеңіс күнін – 9 май күнін тойлауы еді. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Даңқ монументінің жанына жұрт көп жиналыпты. Бүгін мұнда мәңгілік шырақ жағылмақ. Митинг ашылды. Өткенді ойға алған жұрттың қабағы бір сәт қату тартты. Тірілердің ардагер азаматтарға деген ақ ниет, жомарт жүректерінің сөнбес жалынындай мәңгілік оты тұтатылады. Лаулаған от: «Ардақты ұл, қыздарымыз! Сендер жас ғұмырларыңды Отан жолында пида еткен біздің қазіргі бейбіт өміріміз осы отша қаулап, өсуде. Бүгінгі жас ұрпақ өздеріңді осы өшпес шырақтай мәңгі естерінде сақтайды», – деп айналаға жар салып тұрғандай.

      Мәңгілік отын жағушылардың ішінде орта бойлы, толықша келген, қара торы әйелдің де екі көзі сол отта. Оның 1942 жылы осы қаладан, нақ осы жерден майданға шеру тартқан кездері есіне түскен шығар, сірә.

      Рәпия митингіден үйіне жаяу қайтты. Жанында жұбайы Ғаббас бар, Рәпияның ойын бөлгісі келмегендей, ол да үндемейді. Бірақ оның өзі де майданда үлкен ерлік көрсеткен, орденді жауынгер, есіне алары да, көз алдына елестетер оқиғалары да көп. Үнсіздікті Рәпия бұзды: «Апыр-ай, тіпті бала екенбіз-ау ол кезде. Апам вокзалға шығарып салып, бетімнен алма-кезек сүйіп, құшақтап егіліп жылап тұрғанда, қаперіме ештеңе кірмеп еді, – деп өткенді ойға алады. – Әкем мен Қапан ағайым да майданда. Енді үйдегі бас көтерер баласы мен де кетіп барамын, қайтсін апам.

      Ал мен институтты күліп-ойнап бірге бітірген құрбыларымнан қалмай, туған жерді қорғауға аттанып бара жатқаныма қуанып, жүрегім алып ұшады. Біз сонда Мәскеу мен екі ортаға он бес тәулік жүрдік. Одан Волхов майданына он екі күнде жеттік. Онда барғаннан кейін бізді бөліп жіберді. Гүлімжан Қарсыбекова, Күләнда Түсіпжанова, мен, тағы екі қыз бесеуміз бірге кеттік. Жолдастарымыздың кейбіреуімен сол жолы ақырғы рет, мәңгі қоштасқан екенбіз, кейіннен білдім, майданда қаза тауыпты. Жаңа солардың жарқын жүзін көргендей болдым, мәңгілік шырағы солардың басына жағылғандай сезіндім.

      Біз дала госпиталінде істеп, жараланған жауынгерлерге жедел көмек көрсеттік. Майданның алғы шебі болмағанмен мұнда да оқ атқылап, аспаннан самолеттер бомба жаудырып жатады. Алғаш бомбаның жарылғанын көргенде төсектің астына тығылғанымызға кейін өзіміз де ұялып едік. Бірте-бірте майдан өміріне де үйреніп алдық. Тәжірибелі дәрігерлердің көмегімен, кейде өзіміз


Скачать книгу