Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ. Коллектив авторов

Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ - Коллектив авторов


Скачать книгу
қаласында дүниеге келіппін. Семьядағы төрт баланың үлкенімін. Әкем – Ғабдолғали байырғы педагог, қазір құрметті демалыста, анам – Райхан үй шаруасындағы адам. Он жылдық мектепті 1956 жылы бітірдім де, Қазақтың мемлекеттік университетінің физика-математика факультетіне оқуға түстім. 1961 жылы оны бітірісімен Москваның Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылдандым. Мамандығым – физик, ғылыми жұмысым да осы саладан.

      Москвада жүріп өзімдей ғылым қуған Өтеғалимен танысып, кейін бас қостық. Сөйтіп ғылым жолына да, өмір сапарына да бірге аттандық. Қазір Ілияс, Назым атты екі баламыз бар. Жолдасым Өтеғали Алматы халықшаруашылығы институтының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты.

      Өзім 1970 жылдың қаңтар айында Москвада, МГУ-дың профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы А.Ф. Тулиновтың ғылыми жетекшілігімен «Протонографияның кейбір мәселелерін зерттеу» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын алдым. Қазір Қазақтың мемлекеттік университетінің физика факультетінде сабақ беремін.

      – Физиканы арнайы қалауыңыздың себебі неде?

      – Орта мектепте бізге физика пәнінен Александр Александрович деген кісі сабақ берді. Ол физиканы тамаша білетін, өз білгенін оқушы санасына ұялатуға әсте бір жалықпайтын.

      Сондықтан болар, біздің кластың оқушылары лабораториядан шықпайтын. Сол кезде-ақ менің қиялымда «физикалық құбылыстардың құпиясын ашсам» деген құштарлық болушы еді. Шамасы, ғылымның бұл саласын зерттеуіме бала кезден физика пәнін сүйіп оқуым ықпалын тигізген шығар. Әрине, физиканың адам өмірі үшін ерекшелігін кейін университет қабырғасында түсіндік қой.

      – Бэла, КСРО Мемлекеттік сыйлыгының лауреаты сізге не үшін берілді? Жаңалықтың мәні неде? Болашағы қалай? Өзіңіздің алдағы ойларыңыз, ғылыми жоспарларыңыз жайлы да айта кетсеңіз?

      – Бізге бұл үлкен атақ монокристалдар үшін ядролық реакцияларда көлеңке эффектісінің ашылуы және зерттелуі үшін берілді. Бұның өзі 1964-65 жылдары профессор А.Ф. Тулиновтың тікелей басшылығымен зерттеле бастаған проблема еді. Құрамында үш аспирант, бірнеше лаборант бар бір топ адам ұзақ уақыт лабораториялық зерттеу жұмыстары мен ғылыми эксперименттер жасадық. Тыңғылықты да, табанды ізденулер үлкен нәтиже берді.

      Соңғы кезге дейін зат структурасын (құрамын) анықтайтын бірден-бір құбылыс толқын дифракциясы деп саналып келді. Бұл құбылыс монокристалдар арқылы гамма сәуле, электрон не нейтрондар өткенде байқалады. Зат атомдарының реттелуіне тек дифракция ғана емес, басқа да құбылыстардың әсері болатындығын А.Ф. Тулинов дәлелдеді. Осындай құбылыстардың бірі – монокристалдар арқылы зарядталған бөлшектердің өтуі кезінде пайда болатын көлеңке эффектісінің мәнісі мынада: белгілі бір процесс кезінде кристалдың тор түйінінен бөлініп шыққан зарядты бөлшектердің жолында «тыйым салынған» бағыттар пайда болады. Яғни, зарядты бөлшектер бұл бағытта әрі қарай қозғала алмайды. Зарядты бөлшектердің басқан ізін,


Скачать книгу