Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ. Коллектив авторов

Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ - Коллектив авторов


Скачать книгу
мәңгілік болады. Қазақта айналасындағыларға үнемі көмектесуге әзір, арам пиғылы жоқ, шын көңілімен ақтарылып тұратын жандарды ақкөңіл деп атайды. Адалдық өзінен өзі келмейді, ол жалпы тәрбиенің жемісі. Адам адал болуы үшін жас кезінен өз жүрегін тыңдай білуі, өзін-өзі тәрбиелеуі қажет. Өмірде адалдық капиталы – адами капиталдың негізгі іргесі.

      Адам тағдыры адал болудан ақ жолға бұрылады. Сенімділік сенімді туғызады, адалдық басқа қонған бақпен тең. Сондықтан Ф. Шиллер: «Адалдық – өмірден қымбат» деген. Мына жалған дүниенің жалған екенін біліп, адамдарға деген мейірімі мен махаббатты, сенімді жоғалтпаған жөн. Халықта «мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті – данадан үйрен» дегендей, өмірде ықылас гүлін сепкенге не жетеді?!

      Міне, адалдық пен адамгершілікке, парасаттылыққа тән бұл қағидаларды айтып отырған себебім, 1961 жылдан Мәскеуде аспирантурада оқыған кезімізден, үш жыл бойғы достығымыздан басталған, кейін қырық бес жылдай жұбымыз жазыспай жанұя құрып, жалпы жарты ғасырдай бірге өмір сүрген менің адал жан жарым, үйімнің құт-берекесі болған Ахметова Бэла Ғабдолғалиқызының өмірдегі жасампаздығы мен адамгершілік ізгі қасиеттері осы қалыптардың қай-қайсысында да болмасын үйлесімін тауып кетуінде. Өйткені, ол кісі өмірде өте қарапайым, кісілігі мол, аса қайырымды, кішіпейіл жандардың бірі еді. Бэла Ғабдолғалиқызының өмірі өнегеге толы, ішкі мәдениеті аса жоғары, халқына қадірлі, еліне сыйлы қазақ қызының бірі, шын мәніндегі зиялысы болды.

      «Өмір – серуен, адам – көшкен керуен» деген сөзді айтқан қазақ қимастарын бақиға шығарып саларда осылай өзін-өзі жұбатқан ғой. Өмірді тек қана серуен емес, елі мен жұртына, халқына, ұлтына аянбай еңбек ету деп түсінетін, сол қағиданы тірлігінің Темірқазығы етіп ғұмыр кешетін саусақпен санарлық біртуарларымыздың арамыздан мәңгілік кетуі ауыр қасірет екенін бүгін түсінуге мәжбүр болып отырмын…

      Уақыт ұшқыр, өмір зымырап өтіп жатыр, өткен күндердің ұмытылмас сәттері аз емес-ау. Халықта «өткенді білу – өскеніңнің белгісі, өткенді ұмыту – өшкеніңнің белгісі» деген сөз бар емес пе. Адамның өмірі оның жүрегі тоқтағаннан бітпейді, адам ұмытылған кезде ғана өшеді. ұлы Абай айтқандай:

      Махаббатпен жаратқан адамзатты,

      Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті.

      Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,

      Және сүй, хақ жолы деп әділетті.

      Біздердің осы елу жылдай бірге өткізген өміріміз менің өмірімнің ең бір бақытты да шаттыққа толы шақтары, ма- хаббат пен парасатқа, дос құшақтардың қауышып, жақсы өміріміздің жапырақ жайған сәттері болды. Аты жалғыз қазақ жұртына емес, бүкіл дүние жүзіне белгілі мәшһүр ақынымыз, өз халқының әдет-ғұрпы, мәдениетіне және тіл-әдебиетіне дегенде өзегі жарылып кете жаздайтын Мұхтар Шахановтың «Жұбайлар әнінің» мәтінінде айтылатындай:

      Қуаныш пен бақытты мүсіндеген,

      Келбетіңнен сенімнің күшін көрем.

      Сен сияқты мені ешкім еркелетіп,

      Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.

      Асыл жарым – Жайқалған жасыл бағым,

      Бағаласаң


Скачать книгу