Жабайхан Әбділдин: Өнегелі өмір. 29-шығ.. Коллектив авторов

Жабайхан Әбділдин: Өнегелі өмір. 29-шығ. - Коллектив авторов


Скачать книгу
жерде сауат ашып, алғаш білім нәрімен сусындаған Жабайхан Мүбәракұлы асқақ арман қуып Алматы шаһарына бет түзеп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті философия факультетінің студенті атанады. Алғыр, ізденімпаз шәкірт кейіннен Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тамамдап, кандидаттық диссертация қорғайды.

      1958 жылдан бастап Қазақ КСР ҒА Философия және құқық институтында кіші және аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі сынды қызметтер атқарды. Қазақстанда алгаш рет диалектика мектебінің негізін салып, Одақтың бүкіл философтары қазақ ғалымдарының ой-пікірлерімен санасатындай деңгейге жеткізді. Түрлі тақырыптарда халықаралық ғылыми конференциялардың ұйымдастырылуына мұрындық болды КСРО-дан келген өкіл ретінде шетелде өткен конгрестер мен симпозиумдерге қатысып, өзінің білімділігімен, шешендігімен жұртшылықты мойындатты. Жетістік оңайлықпен келмейді. Мұндай табыстың астарында білікті басшының зор еңбегі жатыр еді.

      25 жасында ғылым кандидаты, 35 жасында ғылым докторы, 37 жасында профессор, 50 жасында академик атанган Жабайхан Мүбәракұлы тек ғылыммен шектелмеді, ел ісіне араласып, ұлт игілігі үшін аянбай еңбек етті. Кезінде солақай саясаттың құрбанына айналған Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды алаш қаймақтарының есімдерін қайта жаңғыртқан комиссияны басқарып, ұлы іске бар күш-жігерін арнады. Осылайша қазақ халқы жоғалтқанын қайта тауып, арыстарымен сағыныса қауышқан болатын.

      Әр жылдары Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі, Алматы қаласы Халық депутаттары кеңесінің депутаты, «Білім» қоғамы Президиумының мүшесі, Қазацстан философта- ры Одағының Президиум төрағасы, Лениндік және мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссияның мүшесі, Докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы сынды өзіне жүктелген міндеттерді тартынбай-талмай, зор абыроймен, асқан ізеттілікпен орындайды.

      Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда Егемендік Декларациясы, ҚР Конституциясын қабылдау сынды тарихи сәттердің куәгері әрі тікелей қатысушысы болды. 1990-2005 жылдар аралығында ҚР Парламент Сенатының депутаты. Халықаралық істер, цорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, ҚР Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісі болды. Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде профессорлық қызмет атқаруда.

      Академиктің ел игілігіне, ғылымға сіңірген еңбегі еленіп, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», II дәрежелі Барыс, «Достық» ордендерімен және «С. Торайғыров атындағы Алтын медальмен», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы, Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығымен, «Парасат» орденімен марапатталды.

      Университетіміздің мақтан тұтар түлегі, ғылымның бастауы саналатын философия ілімінің дамуына елеулі үлес қосқан халқымыздың ардақты азаматы Жабайхан Әбділдиннің ғибратты ғұмыры, ғылыми мұрасы келер ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен осы кітапты ұсынып отырмыз.

      ҚҰТТЫҚТАУЛАР

      АЗАМАТ, ҚАЙРАТКЕР, ТҰЛҒА

      Ж.М. ӘБДІЛДИННІҢ ҒЫЛЫМИ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫСҚАША ОЧЕРКІ

Мұрат СӘБИТ,философия ғылымдарының докторы, профессор

      Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы 1933 жылы 16 ақпанда Павлодар облысы Май ауданы Майтүбек ауылында туған. Оның әке-шешесі қарапайым еңбек адамдары болатын. Әкесі – мал дәрігері, ал шешесі үй шаруасымен, балаларының тәрбиесімен айналысатын. Болашақ ғалымның ортасын танып, ақыл-ойының, дүниеге деген көзқарасының қалыптасуына Зылиха әжесінің әсері зор болған екен. Өзі зерек балаға қисса-дастандарды, ертегі-шежірелерді, ақын-жыраулардың өлең-жырларын тыңдатып, хат таныған соң өзіне де дауыстата оқытып, қазақы өмір салтының түп негіздерін, адамгершілік ұстындарын, рухани құндылықтарын жастайынан санасына құйып, өмірлік дұрыс жолға меңзеп, немересіне ақ тілегін айтып, батасын беріп, жөн сілтепті.

      Жабайхан Мүбәракұлының әжесі туралы тебірене айтқан естеліктерін өз аузынан талай рет естідім. Менің ойымша, атақты академик ағамыздың өмірбаянының шешуші бастауы, кілті осында жатыр. Қазақы өмірдің, салт-дәстүрлердің рухани тамырларынан сусындаған, туысқандық, сыйластық, сүйіспеншілік, кісілік сияқты қарым-қатынастар


Скачать книгу