Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов


Скачать книгу
ертедегі ортағасырлық ескерткіш ретінде «Қазақстанның археологиялық картасына» енген. 1941 жылы археолог Г.И. Пацевич Ақтөбеге барып, онда барлау жұмысын жүргізіп, жалпы мәлімдемені төмендегіше берген: Ақтөбе биікте жатыр: солтүстік жағы – 265 м; шығысы – 250 м; оңтүстігі – 255 м және батысы – 208 м. Төңірегінің биіктігі – 1,5-2 м. Қырат жерден қазылған ормен қоршалған. Ортасында трапеция түріндегі биік цитадельдің орны бар. Оның ұзындығы: солтүстігі – 35 м; батысы – 60 м; оңтүстігі – 80 м және шығысы – 50 м. Цитадельдің төрт бұрышында биіктігі 5-9 метр шамасында мұнара болған. Шахристанның төңірегінде 2,5 шақырым көлемінде рабад орналасқан, оны ені 10-20 м, тереңдігі 2,5-3 метрдей ор (қамал) қоршаған. Осы деректерге сүйеніп, Г.И. Пацевич Ақтөбе қонысы VІІ-ХIII ғасырларда жасалған деген тұжырымға келген [1].

      Г.И. Пацевичтің мақаласында Ақтөбе қонысы жөнінде аз да болса, тыңғылықты мағлұмат берілген. Ол ескерткішті өзінше өлшеп, қарапайым көзбен қарап, Ақтөбеге жалпы шолу жасаған. Археолог бұл жерде қазба жұмысын жүргізбеген. Сондықтан, қаланың жалпы көлемін, ішіндегі цитадель, шахристан және рабадты, оны қоршаған ордың (қамалдың) ұзындығын толық көрсете алмаған. Қолға түскен деректер жеткіліксіз болған соң, Ақтөбенің өмір сүрген дәуірі нақты айтылмаған.

      Содан соң 1954 жылы П.Н. Кожемяко Ақтөбе қонысын зерттеп, оған Степнин қалашығы (Ақтөбе) деп ат берген. Степнин – Ақтөбенің батыс түстігіндегі Қырғызстанға қарайтын орыс селосының аты. Автор осы селоның атымен Ақтөбені (Баласағұнды) атап, үлкен ортағасырлық қаланың орны екенін, бекініспен қоршалғанын нақты көрсеткен және ескерткіштің схемалық жобасын жасаған [2].

      Археологтың схемалық жобасында Ақтөбе қаласын қоршаған бекініске (орға) айрықша көңіл бөліп, оның жобасын қағазға түсірген, жалпы ордың ұзындығы 39 шақырымға жететінін көрсеткен. Бізге дейін сақталып келген ордың тереңдігі – 3-3,5 м, табанының ені – 18-20 м. Орды қоршаған су жүйелерінің ені – 8-10 м, тереңдігі – 0,6-0,8 м екенін баяндаған.

      П.Н. Кожемяко Ақтөбеге жалпы шолу жасап, көлеміне, қоршаған бекініске көңіл бөлген. Қаланы барлау үшін қоршаған орды 3 жерден қазған. Ішкі қоршаудың үстіңгі ені – 4,4 м; тереңдігі – 2,5 м шамасындағы жерде қазба жұмысын жүргізіп, бұзылмай тұрған кезінде бекіністің тереңдігі – 5-6 м болуы мүмкін деген пікір айтқан [2]. Бұл бекініс (орлар) бірнеше қабаттан тұратынын көрсеткен. Археолог Ақтөбедегі бекіністерді толық көрсете алмаса да, қаланың үлкен болғанына, оның бекіністері айтарлықтай мықты екеніне айрықша көңіл бөлген.

      Одан кейін Ақтөбенің ең үстінен 4.19 м шұңқыр қазып, оны тереңдеткен. Қазғанда табылған археологиялық заттарға негізделіп, Ақтөбе ІХ-ХІІ ғасырлардың қаласы деген тұжырымға келген [2]. Осы археологиялық шолудың нәтижесінде, П.Н. Кожемяко цитаделі мен шахристаны жоқ, Ақтөбе деп аталатын биік төбе феодалдардың мекені және әскери бекінісі болса керек деген болжам айтқан [2]. Ғалымның пікірінше, барлық ортағасырлық қалалардың цитадельдері және шахристандары бір тектес болу керек деген түсінік болған сияқты. Кейінгі жылдардағы ғалым әр қаланың өзіне лайықты ерекшеліктер болатынын байқамаса керек. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, ортағасырлық қалалардың цитадельдері мен шахристандары әртүрлі етіп салынғаны анықталды.

      1941 жылы Г.И. Пацевичтің Ақтөбе қонысы жөнінде


Скачать книгу