Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов


Скачать книгу
жүзеге асырады және пайдаланушы мен программаға ыңғайлы қатынау тәсілі – интерфейс компьютердің құрылғысымен қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, ОЖ компьютердің барлық компоненттерінің жұмыс істеуін және өзара байланысын қамтамасыз етеді, сонымен қатар пайдаланушыға оның аппараттық мүмкіндіктеріне қатынауға мүмкіндік береді. ОЖ жүйенің өнімділігін, деректерді қорғау деңгейін, компьютерде жұмыс істеуге болатын программаларды таңдауға, аппараттық құрылғыларға қойылатын талаптарды анықтайды.

      Сервистік жүйелер ОЖ-ның жүйеге қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтеді, пайдаланушы жұмысының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Бұл категорияға техникалық қызмет көрсету жүйесі, программалық қабықшалар мен ОЖ ортасы, сонымен қатар қызметтік программалар жатады.

      Техникалық қызмет көрсету жүйесі – бұл бақылауды, тестілеуді және диагностиканы орындауға, компьютер құрылғысының жұмыс істеуін тексеруге және компьютер жұмысының үрдісіндегі ақауды табуға пайдаланылатын дербес компьютердің программалық-аппараттық құралдар жиынтығы. Олар компьютердің техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу бойынша мамандардың құрал-саймандары болып табылады.

      Пайдаланушының компьютермен ыңғайлы және көрнекті интерфейсін ұйымдастыру үшін ОЖ-ның программалық қабықшасы пайдаланылады. ОЖ-ның программалық қабықшасы – бұл ОЖ ортасы ұсынғаннан өзге пайдаланушыға компьютер ресурстарын басқару бойынша әрекетті орындауға мүмкіндік беретін программалар.

      Қызметтік программалар (утилиттер, лат. utilitas – пайда) – жұмыстың ыңғайлылығын және жайлылығын арттыратын немесе жиі орындалатын жұмысты жүзеге асыру бойынша пайдаланушыға қосымша қызмет ұсынатын жүйелік ПҚ-ның типі. Кейбір утилиттер ОЖ-ның құрамына кіреді, ал кейбір утилиттер өздігінше программалық өнім ретінде нарыққа жеткізіледі, мысалы NortonUtilities (Symantec) сервистік утилиттердің көпфункционалды пакеті.

      Барлық жүйелік ПҚ сияқты утилиттер құжатты өндіру немесе есеп сияқты нақты мәселелерді емес, вирустарды оқшаулау немесе қатқыл дискінің қателерді диагностикалау сияқты орталық компьютерге шоғырландырылады. Қызметтік ПҚ орнату шеберлерін, коммуникациялық программаларды, қорғау ПҚ мен диагностиканың құрал-саймандарын қамтиды.

      Компьютердің базалық ПҚ сервистік, қосымша орнатылатын программалар жиынтығы болып табылады. Оны функционалдық белгілері бойынша келесі түрде жіктеуге болады:

      – компьютердің жұмысқа қабілеттілігін диагностикалау программалары;

      – компьютерді қорғауды қамтамасыз ететін, вирустарды жұқтырған файлдарды табатын және оларды қалыпқа келтіретін антивирустық программалар;

      – магниттік дискілердің бетінің сапасын тексеруді, логикалық және физикалық деңгейде файлдық жүйенің сақталынуын, дискілерді сығуын, дискілердің сақтандыру көшірмесін құруды, сыртқы тасымалдауыштарға деректерді резервтеуді және т.б. қамтамасыз ететін дискілерге қызмет көрсету программалары;

      – ақпаратты


Скачать книгу