Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов


Скачать книгу
енгізу керек. Осыған орай бір жазбаны өткізіп алу ықтималдылығы үлкен. Әрбір жаңа курсты енгізген сайын студенттер өзінің туған күнін, топ нөмірін, оқытушының аты-жөнін енгізіп отыру қажет, яғни ДҚ-да енгізіліп қойған ақпарат.

      Біз бірінші қалыпты формадағы кестені аламыз. Айтылған кемшіліктерді жою үшін әрі қарай қалыпқа келтіру керек. Осы кестенің құрылымы келесі түрде келтіріледі:

      ТАҢДАУ БОЙЫНША КУРСТАР (АТЫ-ЖӨНІ, ТУҒАН КҮНІ, ТОП, ОҚЫТУШЫ, КУРСТЫ ТАҢДАУ УАҚЫТЫ)

      Жазбалар кілтін орнату керек. Мұнда құрама кілт, ол өзінде екі өрісті қамтиды: АТЫ-ЖӨНІ және ТАҢДАУ УАҚЫТЫ. Әрбір жазба – студент таңдаған белгілі бір курс жайлы ақпарат. Егер студент бір жолда тек бір таңдау жасай алатынын ескерсек, онда әртүрлі жазбаларда екі өріс: студенттің аты-жөні және курсты таңдау уақыты жайлы ақпарат қайталанбайды.

      Екінші қалыпты форманың анықтамасы бойынша барлық кілттік емес өрістер функционалдық жағынан толық кілтке тәуелді болу керек. Бұл кестеде тек КУРС өрісі студенттің аты-жөні мен таңдау уақыты арқылы анықталады. Қалған өрістер студенттің аты-жөніне ғана тәуелді, яғни таңдау уақытына тәуелсіз болып келеді. Екінші қалыпты формаға түрлендіру үшін кестені келесідей екіге бөлу қажет:

      ТАҢДАУ (АТЫ-ЖӨНІ, ТАҢДАУ УАҚЫТЫ, КУРС)

      СТУДЕНТ (АТЫ-ЖӨНІ, ТУҒАН КҮНІ, ОҚЫТУШЫ)

      ТАҢДАУға байланысты екі өрістен тұратын құрама кілт әрекет етеді, ал СТУДЕНТке байланысты АТЫ-ЖӨНІ кілттік өріс болып табылады.

      Екінші көзқараста өтпелі тәуелділік бар. Ол келесі түрде анықталады:

      ОҚЫТУШЫ өрісі студенттің аты-жөнімен өтпелі ТОП өрісімен анықталады. Шынымен, барлық оқытушылар белгілі бір топқа тіркеліп, осы топқа кіретін студенттермен жұмыс жасайды.

      Үшінші ретті қалыпты форманың анықтамасына сәйкес өтпелі тәуелділіктер орын алмау қажет. Осыған орай СТУДЕНТ қарым-қатынасын екіге бөлу арқылы орындаймыз.

      Нәтижесінде үш қарым-қатынастан тұратын ДҚ-ны аламыз:

      ТАҢДАУ (АТЫ-ЖӨНІ, ТАҢДАУ УАҚЫТЫ, КУРС)

      СТУДЕНТ (АТЫ-ЖӨНІ, ТУҒАН КҮНІ, ТОП)

      ОҚЫТУШЫ (ТОП, ОҚЫТУШЫ)

      Үшінші қарым-қатынаста кілт ретінде топ нөмірі алынады, себебі ол қайталана алмайды. Оған қоса оқытушы бірден артық топтарды оқытуы мүмкін жағдай туындайды. Алынған ДҚ үшінші ретті қалыпты форманың талаптарына сай келеді: кестедегі кілттік емес өрістер өзінің кілттеріне тәуелді, өтпелі тәуелділік жоқ.

      Құрылған ДҚ-ның тағы бір ерекшелігі – осы үш қарым-қатынастың арасында ортақ өрістердің бар болуы. ТАҢДАУ және СТУДЕНТ қарым-қатынастарының арасында ортақ АТЫ-ЖӨНІ өріс болып табылады. СТУДЕНТ пен ОҚЫТУШЫ қарым-қатынастарының арасында ортақ ТОП өрісі. Байланысқан кестелер арасында тағы бір ұғым: байланыс типі. Байланыс типінің 3 нұсқасы болады: «бірдің бірге», «бірдің көпшілікке», «көпшіліктің көпшілікке». Біздің мысалда байланысқан кестелер арасындағы байланыс типі «бірдің көпшілікке» сызбалық түрде келесідей көрсетіледі:

      Мағынасы келесідей: әрбір оқытушыда (әрбір топта) көп студент бар; әрбір студент


Скачать книгу