Қазақша ашылып сайрау. Серік Асылбекұлы
ғой, Элвис Преслиге ұқсайсың. Әйтпесе Зибаштың анау-мынау еркекке көз салмайтыны белгілі емес пе.
Көмекбай. Дегенмен мен енді он-он бес жылдан кейін шынымен шал болам ғой, со кезде қарамай қойып жүрмеймісің?
Зибаш. Мен сені сақалың қудай ақсақал болсаң да, жақсы көріп өтем өмір бойы. Өйткені сен жақсысың, сенің жаның жайсаң. Онда сенің Рыстыңның мұрнына иісі де бармайтын, тек мына мен ғана түсінетін талай кереметтер бар.
Көмекбай. Рахмет, жаным. Сенің осы өмірде бар болғаның қандай жақсы. Әйтпесе…
Зибаш. Әйтпесе не?..
Көмекбай. Әйтпесе мына тіршілікте еш мән қалмай барады емес пе. Кейде тіпті өзіңнің не үшін өмір сүріп жүргеніңді де білмейсің. Әйтеуір үнемі бітіп болмайтын бір сылп-сылп жүріс, таусылмайтын шаруа…
Зибаш. Қойш, олай демеші. Тым болмаса мен үшін өмір сүрсеңші. Айтпақшы, бүгін түнде әйеліңнен жасырынып, кіріп шыға аласың ба маған шамалы уақытқа? Жеңісжан қазір каникулда ғой, бір жетіге папамдардікіне кеткен.
Көмекбай. Қайдам, бүгін соның реті қалай болатынын. Егер баратын болсам, күні бұрын «соткамен» звондаймын ғой.
Зибаш. Жарайт. Ал бұйымтайыңды айт енді.
Көмекбай. (Қипақтап). Қарызға бір бөтелкі ақ берші, сосын бір «пәшкі» сигарет.
Зибаш сөрелердің бәрінен бір шиша ақ арақ пен бір қорап темекі алып, оларды целлофан пакетке салады да, Көмекбайға ұсынады.
Зибаш. Тағы не керек? Ұялма, айта бер.
Көмекбай. Жоқ, осымен болды. Зибаш, рахмет саған. Жуырда кооперативтен ақшамды алам, сосын барлық қарыздарымда қайтарам ғой. Жарай ма?
Зибаш. Өй, қойш соны әңгіме қылмай. Жаным, менің бар тапқаным сенікі емес пе?
Көмекбай. (Зибаштың бетін аялай сүйіп). Рахмет.
Зибаш. Жақсы онда, көріскенше.
Көмекбай Зибашпен қоштасып, дүкеннің ауласына шығады. Дәл осы сәтте оның алдынан көршісі Ермек ұшырасады.
Көмекбай.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.