Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
АРБАЛАҒА, ЖАҚЫННАН ДОРБАЛА

      Ыбырайдың азамат атанған кезінде қазақ егін егуді намыс көреді екен. Байқосақ деген бір кедей құрбы-құрдастарына кеп, қаладан көрген жаңалықтарын айтып, «кент жұрты егін салады екен, қаптап азық алады екен, біз де соны байқасақ қайтеді?» – десе, олар мазақ етіп: «Байқосақтың сөзі ылғи „байқасақтан“ келеді» деп, күліседі.

      Үлкендер сөзін тыңдамаған соң, Байқосақ ауылдың балаларын жинап, аядай жерге аз ғана егін ексе керек. Егіннен әжептәуір астық алған Байқосақ таңданып қалған елге: «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалағаным» – деп жауап беріпті. Кейін нақыл болып кеткен осы сөз сол Байқосақтан қалыпты-мыс.

      Ыбырай ұстаздық қызметінде жүріп, ауылға келгенде, осынау жұмысқа қатты сүйсініп, әлгі Байқосақты іздеп барыпты да:

      – Сіз үлкен іс атқардыңыз. Оныңызды көпшілік ұға қоймапты. Сол үшін көп атынан кешірім сұрағалы келдім, бастаған ісіңіз ұлғая берсін, біз егінші болуымыз керек, – деп разылық білдіріпті.

      Осы сөзден соң елдің бірталайы егін салу жұмысымен айналыса бастапты. Кейін Байқосақ: «Ыбырай қалқам мені егінші деп айтты, елге білім еккен шын егінші өзіңсің ғой», – депті.

      Керек зат, дүниені алыстан, біреуден, шет жұрттан көптеп, қымбаттап алғанша, соны аз-аздан болса да, өзің еңбектеніп, жасап, өндіріп алғаның игі, тиімді деген ой, ұғымды береді.

      АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖҮРМЕЙДІ

      Ертеректе бір жігіт жалғыз анасын асырау мақсатында жұмыс іздеп жолға шығыпты. Жолай бір ақсақал кезігеді. Жөн сұраса келе мән-жайға қаныққан ақсақал жігітке өзінің үйінде бір жыл жұмыс істесе, ақысына өмірлік азық болар нақыл сөз айтамын деп ұсыныс жасайды. Бұл ұсыныс көкейіне қонған жігіт келісе кетеді. Күн өтеді, ай өтеді, жыл өтеді… бір жыл тынымсыз еңбектенген жігіт мерзімі жетіп, қайтуға жиналады, көкірегін ерекше сезім билеп, керемет сөз естірмін деген үміт жүрегін өрекпітеді. Сонда ақсақал:

      – Балам, ешқашан өтірік айтпа, – дейді. Бұл сөзді естіген жігіт жатып кеп ашуланады.

      – Бір жылдық еңбегімнің құны осы сөз бе еді, мұны өзім де білемін ғой, – дейді.

      – Онда тағы бір жылға қал, келесі жылы мен саған мұнан да жақсы нақыл сөз айтамын, – дейді.

      Онсыз да бір жылым текке кетті ғой, қалсам қалайын деген оймен жігіт жұмыс мерзімін жалғастырады. Ай өтіп, жыл толады. Уағдалы уақытта ақсақал:

      – Құран оқылып жатқан жерде міндетті түрде отырып тыңда, – дейді.

      – Бұл сөзді де бұрыннан білетін едім, зая кеткен уақытым-ай, – деп жігіттің өзегі өкініштен өртенеді. Ақсақал және бір жылға қалуын өтінеді. Амалы таусылған жігіт келіспеске болмайды. Үшінші жылы тәмамдалған жігіттің естіген сөзі төмендегідей еді:

      – Ешқашан аманатқа қиянат етпе. – Бұл сөз де жігітті қанағаттандырмайды. Қайтуға бел буған жігітке ақсақал қоштасарда үйдегі апаңа апарып берерсің деп нан береді.

      Жол бойы өзіне қанағаттанбаған жігітті бір топ ұры қолға түсіреді.

      – Не мақсатпен, қайда барасың? – деп қыспаққа алады. Қалтасындағы азын-аулақ ақшаны шығарып, бар


Скачать книгу