Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
жүдеубас болады. «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам* (кішкене мағынасында) деген мақал содан». (С. Мұқанов, 77. 83-б.).

      «Қазақтар иттің ақ, сары, шымқай қара (меңсіз қара) түстісін ұнатпайды. Ор және төрткөз итті қолға мүлдем ұстамауға тырысады. Онан гөрі төбел, ақтөс, алаяқ, аласын „иесіне адал серік“ ретінде артық бағаласа, құйрығының ұшында ғана кездесетін ағын „арамза“ деп танып, оның бір тұтамдайын кесіп тастайды. „Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам“ деген тіркес осыған қатысты тууы ықтимал». (Б. Қиянатұлы. 9. 30. 11. 1995.).

      Арамдық пен қулықтың, өтіріктің өмірі қысқа, ерте ме, кеш пе оның жайы ашылады, әшкере болады дегенді аңғартады.

      АРАНДАП ҚАЛДЫ

      «Жым – аңдардың өздерінің қалың бұта арасына салып алған жолы. Сенен тұра қашса, жымға кіріп кетеді. Сен кіре алмай қаласың. Соны „жым“ дейді. Жымға қазақ „аран“ құрады. Анау тар жер ғой, теңселіп, ирелеңдеген сондай бір ұрымтал жерге істікті қойып, ағашқа бекітеді. Ана жақтан қуаласаң, үріккен аң ентелеп келген бетімен, көкірегімен қадалады. Соны қазақтар „аран“ дейді. Немесе аранның екінші түрі бар. Жолбарыс, аю секілді ірі аңдарды ұстауға арналған. Жерді қазған соң, үстін бұтамен, шөппен жауып, қазылғанын білдірмей қояды. Ал шұңқырдың ішінде үлкен-үлкен қазықтар болады. Аңдар шұқырға түссе болды, әлгі қазықтардың біріне қадалып, сол жерде қалады. Бұл тәсілді соғыста да пайдаланады. Ертеректе кәдімгі ағаштың басын жонып, қаламның ұшы секілді етіп, үшкірлеп көміп, аран жасаған. Қашқан жаудың әскері келіп қадалатын болған». (Ж. Бабалықұлы,24..204-295-б.).

      Біреудің қулық-сұмдығына сеніп, алданып қалды. Өкініштен «қап» деп, санын соқты. Біреудің алдап соққан қақпанына түсті дегендей мағыналарды береді.

      Күйек* – алжапқыш сияқты, бірақ одан анағұрлым кішілеу, қошқар-лардың жыныс мүшесін жауып тұратын мата жапқыш.

      Тұтам* – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 4—5 еліге тең жуандық өлшемі.

      АРҒЫМАҚ АТҚА КӨП МІНДІМ,

      САДАҒА КЕТСІН БУДАННАН.

      ЕР ЖІГІТПЕН ДОС БОЛДЫМ,

      САДАҒА КЕТСІН ТУҒАННАН

      Қарабайыр мен түркімен арғымағынан туған жылқыны будан деп атаған. «Арғымақ атқа көп міндім, садаға кетсін буданнан. Ер жігітпен дос болдым, садаға кетсін туғаннан», – деген атам қазақ. Өйткені, буданның бір түп жусан – азығы, бір түп жусан – қазығы. Будан ат екі түп жусанмен басыңды жаудан құтқарады. Ол күй таңдамайтын-дығымен, төзімділігімен, жүйріктігімен бағалы». (С. Шаухаманов. 31.31. 07. 2002.).

      Бұл сөз тіркесі өзіміздікінен садаға кетсін немесе өзіміздікіне еш нәрсе жетпейді деген мәнде айтылады.

      АРҒЫН АҒА БАЛАСЫ

      «Қазақтың этноқұрылымдық жүйесінде қалыптасқан дәстүр бойынша, жүздік деңгейдегі ноқта ағалары: Ұлы жүзде – жалайыр, Орта жүзде – тарақты, Кіші жүзде – табын тайпалары. Дәл сол сияқты, аға балалары: Ұлы жүзде – ошақты, Орта жүзде – арғын, Кіші жүзде – әлім (қаракесек) тайпалары. Ал, қара шаңырақ иелері: Ұлы жүзде – албан, Орта жүзде – қыпшақ, Кіші жүзде – шөмекей тайпа-лары. Осындай мәртебелер рулық,


Скачать книгу