Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы
да жеті санын қастерлеген. Біздің жыл санауымыздан үш ғасыр бұрын ұлы қолбасшы патша Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) Кіші және Орта Азияны, Египетті, Оңтүстік Индияны, т.б. елдерді жаулап алып, сол өңірлерде өзі көріп тамашалаған ерекше сәулет өнер үлгілеріне аса жоғары баға берген. Кейінгі заманда олар „Әлемнің жеті кереметі“ атанған». (Ж. Кейкін, 42.).
Сол уақыттары «Әлемнің жеті кереметі» дегенде, мынандай сәулет өнер үлгілері ауызға ілігетін:1.Мысыр пирамидасы. 2.Вавилон-ның аспалы бағы.3. Ертедегі Артемида храмы.4.Олимпиадағы Зевстің мүсіні.5.Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.6.Жерорта теңізі аралындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қоладан жасалған мүсіні. 7. Александрия манары.
Бүгінде бір таңғажайып құрылысқа баға бергенде, «Әлемнің жеті кереметінің бірі» деп таңдай қағатынымыз содан қалған.
ӘЛЕМНІҢ СЕГІЗІНШІ КЕРЕМЕТІ
«Әлемнің жеті кереметі» деген ұғымды біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда Жерорта теңізі жағалауындағы халықтар қалыптастырған екен (Қара – «Әлемнің жеті кереметі»). Қасиетті де тылсым жеті санымен байланыстырылып, ежелгі дүниенің ауқымымен өлшен-генімен, бұл ұғым күні бүгінге дейін өзгеріссіз жетіп отыр.
Әйткенімен, жеті кереметтің қатарына әлемнің басқа бөлігіндегі, яғни, Азия, Еуропа, Америка, Африка құрлықтарындағы көптеген ғажайып, ауқымды құрылыстар кірмей қалған. Америкадағы инктердің пирамидаларын, Ұлы Қытай қорғанын, Үндістандағы Тәж – Махалды, Александрия кітапханасын, Ұлықбек овсерваториясын, Пальмира, Петербург, Венеция ескерткіштерін және тағы басқаларды да кереметтердің қатарына жатқызуға болар еді. Ал өзіміздегі аңызға айналған Отырар кітапханасы, Қожа Ахмет Иассауи мавзолейі де сондай ғажайыптардың қатарында емес пе.
Сол себептен де әрбір елдің жергілікті тұрғындары өздеріндегі таңғажайып ескерткіштерді үлгі ретінде бағалағысы келгенде, оларды жоғарыдағы жеті кереметтің қатарына қойып дәріптейтін болған. Содан барып «Әлемнің сегізінші кереметі» деген тұрақты тіркес өмірге келген екен.
ӘЛ – МИСАҚТАН БЕРІ МҰСЫЛМАНМЫН
Бұл сөз тіркесі «Әлімсақтан бері…» деп те айтылады. Дүние жаратылғаннан, баяғыдан бері немесе дүние есігін ашқаннан, туғаннан бері… дегенді білдіреді.
«Бұл оқиға адамдар әлі фәниге келмей тұрғанда Алла күллі адам рухтарын жинап алып, «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе? – деген сәтте олар: «Иә, әлбетте» деген. (Сонда Алла) қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ демеңдер», – дейді (Ағраф, 9/172). Яғни, сол кезде барлық рухтар перде болар тәндері болмағандықтан, Алланы айдан анық көріп мойынсұнған. Қазақта «Әл-мисақтан бері мұсылман-мын» деген сөз осыдан қалған». (99.).
ӘЛІПТІҢ АРТЫН БАҚ
Бір іс-шараның нәтижесін күт, асықпа, сабырлы бол дегенді ұғындырады.
«Араб алфавитінде «а» орнына қолданатын бас әріп «алиф» аталады. Біз оны қазақшалап «әліп» дейміз. Қыпшақтардың «әліп» аталатын рулық таңбасы осы араб әлібі десек (солай деушілер бар да), онда Қыпшақ руы Орта Азияға арабтардың, олармен бірге ислам дінінің келуінен