Даниялдың ғажайып әлемі. Джан Амании

Даниялдың ғажайып әлемі - Джан Амании


Скачать книгу
ың арасынан көздері терең мұңға толы, аса көп күле бермейтін Ай деген сүйкімді қызды байқайды. Ол үнемі жалғыз келіп, Даниялды ойлы, жабырқау жүзбен тыңдап, елеусіз кетіп қалып жүреді. Даниял Айды қанша көңілдендіргісі келсе де, еш нәтиже шықпайды. Ақырында ол «Айды өзінің Ертегі әлеміне ертіп кетемін!» деп шешеді.

      Тоңазытқыштағы қала

      

      Сол күні Даниял достарымен ұзақ ойнап, үйге кеш келді. Қатты шаршап, қарны да ашты. Анасының кешкі асы дайын болғанша, жұмсақ орындыққа жайғасып, жоспарын қалай жүзеге асыру туралы ойлады. Анасының «Ниетің таза болса, тілегің міндетті түрде орындалады» деген сөздері есіне түскені сол еді, әлдебір дауыс «Бір-екі-үш – сиқырлы күш!» дегендей болды.

      …Даниял анадайдан жарқыраған үлкен тоңазытқышты көрді. Оның жарқырап көз тартқаны соншалық, Даниял есігін қалай ашқанын байқамай да қалды.

      

      

      О, керемет! Ішінде нағыз ғажайып көрініс: түрлі-түсті тәтті мұзкәмпиттер төселген жол тура ертегілер қаласына дейін созылып жатыр. Қандай тамаша! Шыр айналған әткеншектер! Жарқыраған шарлар мен ойыншықтар! Көңілді күлкі сыйлаған кейіпкерлер! Шаттана жүгірген балақайларға жарқырай нұрын шашқан алтын күн! Кенеттен Даниял жан-жағына жалтақтап қарап тұрған Айды көріп қалды. Қуанышы қойнына сыймаған Даниял қыздың қасына жетіп келді. Екеуі қол ұстасып, таңғажайып тәтті сүрлеумен шапшаң жүгіріп өтіп, көзді ашып-жұмғанша қалаға жетті.

      

      Осы кезде қайдан екені белгісіз, алдынан дүкен сөресі пайды болды, бірақ дүкеннің өзі көрінбейді. Сөренің жанындағы күлімсіреген сатушы балаларды көре сала әндете жөнелді:

      Батыл келіп, балалар!

      Бәрі тегін, таңдап ал.

      Бәліштер мен тоқаштар,

      Шырын, кола, фанта бар.

      Балмұздақ, кәмпит сан түрін,

      Қалағанша ал бүгін!

      

      Айдың сәл күлімсірегенін байқап қалған Даниял сатушыға:

      – Шоколад қосылған шұжық беріңізші! – деді.

      Сатушы ризашылықпен басын изеді:

      – Тамаша! Мүмкін, тағы бірдеңе қаларсың?

      – Иә, балмұздақ қосылған түшпара, – деді де, Даниял Айға қарап:

      – Сен не қалайсың? – деді.

      – Мен… гамбургер,.. бүлдірген қосылған гамбургер жегім келеді, – дей сала, өзінің тапқырлығына масаттанған Ай Даниялға қарап жымиды.

      Даниялдың жүзі бақыттан бал-бұл жайнады.

      

      Сатушы түк те таң қалмастан тәтті нан-нан жасалған қоңырауды қақты. Сол-ақ екен, ортаға дөңгелектері бар үлкен қазан келе қалды. Қазанның ішінен шұжықтан алқа таққан аспазшы мен балмұздақтан жасалған қалпағы бар он көмекші атып шықты. Тапсырыс қабылданды.

      Бес минут өтпестен дүкен сөресінде ыстық шоколадқа малынған шұжықтар, бүлдірген қосылған гамбургер, бірер сәттен кейін балмұздақты түшпара да пайда болады. Ай осындай ғажайыптарды көргеніне мәз-мейрам болды.

      

      Осы кезде Даниял сұраулы жүзбен:

      – Сіздерде тауық еті қосылған мәнпаси бар ма? – деді.

      Аспазшы көмекшілерімен сыбырласа кетті. Бес минуттан кейін түрлі-түсті ғажайып кәмпиттер де пайда болды. Даниял кәмпиттің бесеуін бірден аузына, біразын өз қалтасына, басым бөлігін Айдың қалталарына бөліп салды.

      Кенет анасының «Даниял, Даниял» деп шақырған дауысы шығады. Ояна салып, анасына тоңазытқыштағы сиқырлы қала мен Ай туралы айтып беруге асығып, жүгіре жөнеледі.

      Даниялдың әңгімесін қызыға тыңдаған анасы күлімсіреп:

      – Әй, ертегішім менің, бар, ас үйге жүгір, сені бір қыз бала күтіп отыр. Бұны ести сала «Мүмкін, ол – Ай шығар?» деп, Даниял ас үйге асықты.

      Дастархан басында Айдың әкесіне әлденені көтеріңкі көңілмен әңгімелеп отырғанын көрді.

      Үстел үстіндегі кәмпит салғышта сиқырлы қаланың ғажап кәмпиттері толып тұр. Даниял өзін сондай бақытты сезінді. Себебі, оның бар арманы орындалды, ең бастысы – Ай көңілді еді.

      Алып Жеміс-Жидектер ғаламшары

      

      Ол күні Даниял достарымен өзенде шомылды. Олар арлы-берлі жүзіп, тоқтаусыз сүңгіп, биіктен секіріп, күні бойы судан шықпады… Тамағына суық тиіп, ауырып қалған Ай ғана достарымен бірге бара алмай қалды.

      Әбден шаршаған Даниял үйге келіп, жұмсақ төсегіне жайғасып, көзін жұмды.

      Тылсым сырға толы «Бір-екі-үш – сиқырлы күш!» деген сөздерді естігені сол еді, Даниял ылғи жарқыраған аспаптарға толы бір бөлменің ішіне тап болды. Бұл не, ол қай жерде – ешнәрсе де белгісіз.

      Скачать книгу