БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! 2 БӨЛІМ Өз тағдырыңды өзің жаз!. Нарша Булгакбаев
әділ шындық пен ақиқатқа сəйкес келмесе де, барлығын шындық ретінде қабылдай береді. Мысалы, анаңыз сізге «ақымақ, топас» деп айтты жəне бұл сөздер сіздің жадыңызда қалды. Сізді «ақымақ, топас» деп атай берген сайын, Бейсана үшін бұл тəжірибе қайта-қайта қайталанады, өйткені ол нақты шындық пен қиялдағы өтіріктің арасындағы айырмашылықты сезбейді. Рас/Өтірікті айыра алмайды. Әрине сіздің ақылыңыз анаңызға қарсылық таныта алады, бірақ бәрібір жаман сөздер қайталана берген сайын сіз үйден кеткіңіз келеді. Бейсананы жаман, жағымсыз, теріс, негативті сөздерді есте сақтамауға, жүрекке алмауға үйретуге болады.
Сіз бір ойды (ішкі сөзді) үнемі, қайта-қайта еске түсіре берген сайын бейсана сол ойды (ішкі сөзді) тереңірек бекітеді жəне сізде басым сенім мен түсінік қалыптасады, бұл жағдайда «мен ақымақпын, топаспын». Бұл ойлар жиналып, біртіндеп өмірлік ұстаным жүйесіне енеді, содан кейін олар біздің дұрыс деп шешкен əрекеттерімізді анықтай бастайды. Адам басына қуаныш пен қайғы-мұңды осылай шақырады. Пәлені шақыру да, бақытты болу да өте оңай. Кейде оған бір ауыз сөз жеткілікті.
СІҢІРГЕН ЕҢБЕК ПЕН ЖҰМСАЛҒАН УАҚЫТ АҚТАЛАДЫ
Өзімізден, басқа адамдардан, қандай да бір кітаптан, ең бастысы Жаратушыдан белгілі бір нəтиже күте отырып, біз оны міндетті түрде аламыз. Дəл осылай болатынына алдын-ала сенімді бола отырып, біз белгілі бір жағдайларды (амал-əрекет) жасай бастаймыз немесе үміттерімізді растайтын белгілі бір ақпаратты игере бастаймыз. Жəне олар сөзсіз ақталады. Мұны «ақталу принципі» деп атайды. Енді сіз ішкі диалогтың көмегімен, өзіңіз туралы қалыптасқан ой-пікірді нығайта аласыз жəне оны жақсы немесе нашар жаққа өзгерте аласыз. Таңдау сізде!
«ӨЗ-ӨЗІН СЕНДІРУ» ТҰЙЫҚ ШЕҢБЕРІ
Өзіміздің «Мен» бейнесі (өзім жайлы ой-пікір) біздің əрекеттеріміздің нəтижесіне əсер етеді. Біз əрқашан өзіміз туралы сенім мен түсінікке сəйкес əрекет етеміз. Біз басқаша əрекет ете алмаймыз. Сізге тырысуға болады, бірақ сіз бейсанада қалыптасқан шындықты жеңу үшін көп күш салуыңыз керек. Біз автоматты түрде бейсанада көрсетілген «Мен» əрекеттерін жасаймыз. Бұл өз кезегінде ішкі диалогтың нəтижесі. Ішкі диалог арқылы адам, өз-өзін сендіруден түсінік қалыптастырады. Біз автоматты түрде бейсанаға сəйкес əрекет етеміз, тіпті өз əрекеттеріміздің салдары туралы ойламаймыз. Содан кейін біз бұл əрекетті ішімізде өзімізбен өзіміз талқылай бастаймыз. «Мен дұрыс істедім» немесе «Негізі бар ғой ше… Мен дұрыс істемедім» деп өзіміз туралы ой-пікірді одан да жарқын етіп бекітеміз. Осындай қысқа ойлар (ішкі сөз) арқылы адам өз-өзін сендіреді. Ал енді тұйық шеңбер қалай қалыптасады:
1) «Мен не істеу керек екенін өзім білемін жəне үйретпей-ақ қойыңдар»
2) «Маған басқаның бағасы да, сыны да керек емес»
3) «Мен өз-өзіммен сөйлесетін жынды адам емеспін»
4) «Менің өзіме деген көзқарасым әрқашан дұрыс»
5) «Мен ешқашан сәтсіздікке ұшырамаймын»
6) «Мен кітап оқығым келмейді, маған жұмыс істеп отбасын асырау керек»
Бұл