Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова

Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова


Скачать книгу
кейін, бір де бір сөзіне қателеспес үшін оны қайта өз тілдеріне аудартты. Екі хатта жазылғаннан кейін, оны бірнеше рет оқытты», – дейді Құйықтың хаты парсы тілінде ұзын (1 м 20 см), бірақ жіңішке (ені 20 см) қағазға жазылған, ол екі жабысқан бөлшектен тұрады. Хаттың соңында және жабыстырылған жерлерінде қызыл түсті мөрдің ізі қалған. Бұл хат жоғалған болып есептелген және моңғолтанушылар оның мағынасы жөнінде әртүрлі болжамдар құрған. Ондағы сарацин тілінде дегенді, парсы тілі деп түсіну керек. Хат 1920 жылы Ватикан мұрағатында поляк ғалымы, монах Кирил Королевскиймен табылған, фото суретке түсіріліп, әрі қарай зерттеу үшін ирантанушы Массэге берілген, ол ең алғаш рет бұл хаттың аудармасын жасаған. Бертін келе хат зерттеліп, Францияның ірі зерттеушісі Поль Пелльомен қайта аударылған, оның парсы тілінде мәтіні, аудармасы және пікірі жарияланған. Хатта: «Көк тәңірдің мәңгілік күшімен (біз) бүкіл халықтың ұлы Далай-ханы; біздің бұйрығымыз. Бұл бұйрық Ұлы папаға, ол білу және түсіну үшін жіберіледі.

      Karal аймағындағы кеңестен кейін, сіздер бізге тағзым ету жөнінде, елшілер арқылы өтініш жібердіңіздер. Егер сіздер сөздеріңізде тұрсаңыздар, онда сен Ұлы папа, біздің жеке тұлғамызға өздерің келіңдер, осы кезде Яссының әрбір бұйрығын тыңдатамыз.

      Және тағы. Сіз айттыңыз егер мен кресті қабылдасам жақсы болады деп; сен бізге өтініш жасап, ақылды қадам жасадың, бірақ біз бұл өтінішті түсінбедік.

      Және тағы. Сіздер маған мынандай сөздер жібердіңіздер: «Сіздер бүкіл Magar (Венгрия) және Кiristan (христиан) облыстарын алдыңыздар; мен таңданамын. Мұнда қандай қателік болды, бізге айтыңыздаршы?» Бұл сөздеріңізді де түсінбедік. Шыңғыс хан және Каан екеуіне де Құдай бұйрығын тыңдауға жібереді. Бірақ Құдайдың бұйрығын бұл екеуі тыңдамады. Сен айтып отырғандар, тіпті кеңес құрып, өздерін жоғары ұстап, менменсініп, біз жіберген елшілерді өлтірді. Бұл жерде, мәңгілік Құдайдың құрметімен адамдар өлтіріліп, мерт болды. Кейбіреулер Құдай сақтап құтқарылды. Қалай адам, бірден алып өлтіре салады, қалай ұстап алып қамай салады және зынданға отырғызады?

      Сен былай дейсіңбе: «мен христианмын, мен құдайды жақсы көремін, мен жеккөремін және …» Құдай күнәні кешіретіндігін қайдан білесің?

      Құдайдың күшімен барлық жерлер, күннің батысымен шығысынан бастап бізге берілген. Құдайдың бұйрығынан басқа ешкім бұлай жасай алмайды. Енді сендер шын жүректен былай деулерің керек: «біз сіздерге тағзым етеміз, біз бар мүлкімізді береміз». Сен өзің корольдарды бастап, бізге қызмет етуді иіліп сұраңдар. Сол сәттен бастап біз сендерді бағынды деп есептейміз. Ал, егер құдайдың жазғанына көнбей, қарсы болсаңдар, онда (біздің) жауымыз боласыңдар.

      Егер басқа бір іс әрекеттер жасасаңдар, не болатыны белгісіз, ол жалғыз құдайға мәлім.

      Джамада-аль-ахар 644-жылдың (1246 ж. 3-11 қараша) соңғы күндері», – делінеді.

      Плано Карпинидің айтуынша хат алғашқыда моңғолша жазылып, кейін «сарацин» (парсы) тіліне аударылған.

      Қытайдың өзінде Плано


Скачать книгу