Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова
моңғол әскерлерінің қолбасшысы Байжу-ноянның жазғы тұрағына саяхатының тарихы, қасындағы жолаушысы доминикандық – Қасиетті Квентин аббадтығынан шыққан Симонның суреттемелерінен белгілі. Оның суреттемелерінің көп бөлігі Бовэдан шыққан Винцентаның «Spculum Magus» энциклопедиясының тарихи томына кірген.
Асцелиннің миссиясы оқыс аяқтала жаздайды. Дөрекі Асцелин Байжудың тұрағында өзін жағымсыз ұстайды: «отпен тазарту» дәстүрінен өткісі келмей: «мені варварлардың алдында бас ию үшін емес, күнәлары мен зұлымдықтары үшін жауапқа тартуға жіберді», – дейді. Моңғол қолбасшысы мен айналасындағылар қатты ызаға бұлығады. «Сен бізден христиан болуды, яғни өзің және сенің жолаушыларың сияқты ит болуды талап етесің! Сенің римдік папаң ит емес пе және сендер, христиандар өздерің ит емессіңдер ме?», – деп нояндардың біреуі айқай салады.
Асцелинге өлім жазасының қаупі төніп, Қарақорымнан шыққан жоғарғы эмиссардың бұл іске кірісуі ғана оны аман сақтап қалады. Бұл эмиссар көп ұзамай Закавказьенің және Солтүстік Иранның әмірі болып сайланып, Бағдаттың халифына қарсы жорық дайындайды, сондықтан папа мен кресшілерден қолдау тапқысы келген. 1248 жылы қарашада елшілік Лионға оралып, Грузия мен Армениядағы жағдай жөнінде жаңа мәліметтер Байжудың Иннокентий IV-ке жазған хатын және Құйық ханның барлық еуропалық мемлекеттерге эдиктін алып келеді.
Доминикандықтармен бірге Лионға Байжу-ноянның елшілері де келеді Айбег және Сергиз Батыс Еуропаға келген алғашқы моңғол елшілері еді. Олардың папамен келісімшарты құпия болған, сондықтан ондағы әңгімелер мен келісулер жөнінде хабар жоқ. Тек, 1248 жылы Айбег пен Сиргиздің, Иннокентий IV-тің Байжуға жазған хатын алып, Лионға кеткені белгілі. И. Рачевильц ойынша, римдік курияның моңғолдармен дипломатиялық байланысты жалғастыруға ұмтылысы болған жоқ. Бірақ, байланыстар жалғаса берді, тек римдік дін қызметшілерінің орнына, бірінші болып енді, XIII ғасырдың 40-60-жылдары Франция королі Людовик IX, содан кейін италияндық сауда республикалары шықты.
Асцелиннің миссиясына қорытынды жасап, П. Пелльо:«1247 жылы Байжудың тұрағында, Асцелиннің мінез-құлқына қарамастан, франктердің моңғолдармен бірігіп, мұсылмандарға қарсы шығу ойлары нығая берді; бұл ойлар Месопотамия және Орталық Азия христиандарына да жетіп, олар да қарсы шығуға дайын тұрды», – дейді.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.