Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова
жүйеге күштеп қосу, сондай-ақ, отарларда заманауи фабрика-зауыттық өндірісті, көлік саласындағы құрылысты, басқарудың капиталистік тәсілдерін, буржуазиялық басқару жүйесін «жоғарыдан» еріктен тыс енгізу арқылы жүрді. Бұл өз кезегінде заманауи және дәстүрлі өндіріс түрлерінің өзара әрекеттесуінде және кейіннен синтезденуінде көптеген проблемаларды тудырды.
Батыстық мемлекеттер Шығыс елдеріндегі партиоттық күштердің экономикалық және әлеуметтік дамуға бағытталған күресін, орындалуы батыстың несиесі мен субсидиясы және батыстың мамандарынан, тәуелді тар ауқымда жасалған (батыстық елдердің үкіметтері жасаған) бағдарламаларды ұсыну арқылы шектеуге әрекет жасады. Сонымен қатар батыстық елдер үкіметтерінің жоспарлары ұзақ мерзімге, 10-12 жылға есептелді. Осы уақыт аралығында бұрынғы метрополиялар өздерінің Шығыс елдеріндегі ықпалын күшейтуге, тіпті, болмаған жағдайда сақтап қалуға бар күшін салды.
Жоспарларды қаржыландырудың шамамен жартысынан астамы ұлттық қаржы көздерінен, негізінен жергілікті бюджет және әртүрлі орталықтандырылған қорлардың қаржысы арқылы жүзеге асырылды. Отарлық әкімгершіліктің қолына қаржы құралдарының шоғырлануы, отар елдердің экономикасына мемлекеттікмонополистік ықпал етудің бір формасы іспеттес бола отырып, бұл елдердің ұлттық капиталының ұлғаю деңгейін тежеді. Сондай-ақ, орталықтандырылған қорлар капитал салымдарын ірі құрылыс нысандары төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндіктер туғызды және ағылшын билігінің тек қана әкімшілік емес, сонымен қатар шаруашылықты ұйымдастырушы ретіндегі рөлін жоғарылата түсті.
Шығыстағы Батыс Еуропа елдері саясатының соғыстан кейінгі алғашқы он жылдығының елеулі кезеңі жергілікті басқару жүйесін реформалау болды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін батыс елдері отарларының басым бөлігі үшін басқарудың жанама жүйесі тән болды. Жергілікті тайпа көсемдері отарлық әкімшіліктің саясатын жүзеге асырушылар ретінде пайдаланылып, іс жүзінде отарлық әкімшіліктен жалақы алатын шенеуніктерге айналдырылды.
Соғыстан кейінгі кезеңде де жергілікті ақсүйектердің көсемдері отарлық әкімшіліктің отарлардағы сенімді одақтастары болып қала берді. Бірақ, Шығыстағы қоғамдық қатынастардың дамуы, жаңа әлеуметтік күш жергілікті буржуазияны өмірге келтірді. Жергілікті тайпалық институттар бірте-бірте нашарлай бастаған шақта еуропалық отарлық әкімшілік өзіне одақтасты осы жаңа шығыстық буржуазиядан табуға әрекет жасады. Басқару жүйесінде реформаларды жүзеге асыра отырып, еуропалық отаршыл мемлекеттердің үкіметтері жергілікті халықтар көсемдерінің билігін біртіндеп сайланған кеңесші және атқарушы органдар арқылы шектеуге ұмтылды. Бұл батыстық мемлекеттер үкіметтерінің ықпалы күн санап өсіп келе жатқан жаңа жергілікті буржуазия алдындағы көнбістік танытқан белгісі болды.
Батыстық мемлекеттер үкіметтерінің жаңа ұлттық буржуазияға бет бұруы, бірқатар экономикалық