Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова
өндірілген өнімнің осы түрінің жартысынан астамын шығарды.
Сонымен қатар Шығыста өндіріс көлемінің және осы салада еңбек етіп жатқандар санының қысқаруына өндіріс капиталы қатты әсер етті. Сондай-ақ өндірістік капитал шығыс экономикасының дәстүрлі салалары болып табылатын қант қайнату, бояулар шығару, фарфор, қолшатыр, жөке тоқу, темірден жасалған бұйымдар, қолдан металл өңдеу көптеген саларды бәсекеге ұшыратты. Біртіндеп жергілікті феодалдық ақсүйектердің ерекше талғамы мен қажеттілік сұраныстарын қанағаттандыратын және тек қана бұйымтай бойынша жұмыс істейтін дәстүрлі кәсіп те
Отарларға капитал шығару. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жергілікті өндірістің дамуына өндрістік капиталдың өзара тәуелділік жүйесі кедергі келтірді. Мысалы, Вьетнамда жергілікті француздық фабрикалар ұсақ тоқыма, мақта-мата, қант, шай, спирт, күріш тазалайтын және көптеген шикізаттарды сатып алуды және олармен жергілікті өндірушілерді қамтасамыз етуге монополия орнатуға талпынды. Бірқатар өндіріс салаларында (ең алдымен жібек тоқу) олар айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алған жоқ. Себебі, жергілікті өндірушілер өздері өндірген өнімдерін ескі арналарды пайдалана отырып, емін-еркін иеленгілері келді. Есесіне мата-мақта саласында импорттық шикізатпен жұмыс істейтін француздық жіп иірушілер жіппен тек вьетнамдық тоқымашыларды қамтамасыз етіп қоймай, өзге де шетелдік ірі мата-мақта мануфактураларды қамтамасыз етті. Отаршылдық капитал жергілікті буржуаны шикізат нарықтарынан аластата отырып, жергілікті мануфактураларды француздық фабрикалардың бір бөліміне айналдыруға тырысты. Бұл тенденция әсіресе, бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында және соғыс кезінде ерекше анық байқалды.
Жергілікті француздық фабрикалар мен вьетнамдық мануфактуралар арасындағы байланыстар тікелей сипатқа ие болған жоқ. Олардың арасындағы делдал рөлін қытайлық сауда кәсіпкерлері атқарды. Олар жергілікті ұсақ тауар өндірушілерге жүйелі түрде шикізатты таратып беріп отырды. Бұндай жағдайда жергілікті буржуазияға ұсақ кәсіпкер рөлін атқаруға тура келді. Бұл жүйенің ішінде олар француз капиталымен емес, қытай капиталымен қақтығысқа түсті. Мұндай жағдай оның компрадорлық бағытын күшейтіп, жергілікті буржуаның метрополиядан тәуелділігін арттыра түсті.
Көп құрылымды экономиканың Шығыс елдерінде қалыптасуы. Отар елдерде шетелдік экономика секторының пайда болуы және дамуы шетелдік капиталдың қатысуымен қарқынды жүре бастады. Шетелдік капитал әсіресе, тау-кен, көлік коммуникациялары, банк, коммуналды мекемелерде үстемдік етті. Түптеп келгенде бұл отарларда отарлық-капитализмнің орнағандығын білдірді. Бейнелеп айтқанда, шығыстың нәрлі топырағына дамыған капиталистік қатынастарды отырғызу, машиналы индустрияға арқа сүйеді. Сондай-ақ отарлардағы капитализм дәстүрлі әлеуметтік және экономикалық құрылымдардың айтарлықтай деңгейдегі ықпалын сезінді. Сонымен бір мезетте еуропалық капитализм отарларға үлкен өзгерістік ықпал жасады. Бұл ең алдымен сыртқы сауда мен экспортты жер