Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова
мініп оның тұрған жерінен (тұрақтан, азамат, кәсіпорын аумағынан, жағалаудан және т.б.) алшақтап кетуі оны айдау болып саналады. Бұл жағдайда айыптының жүрген ара қашықтығының мағынасы жоқ. Айдау қалай жүзеге асып отырғанының қылмыс құрамы үшін маңызы жоқ: қозғалтқышты пайдалану, итеру немесе тарту, есу арқылы және т.б.
Әрекеттерді ҚК-тің 185 бабы бойынша саралау үшін мүлік тек уақытша алынғандығы анықталу керек. Тұлғаның көлік құралын пайдаланған немесе пайдалануға ниеті болған уақыт кесіндісі маңызды емес.
Қарастырылып жатқан қылмыстың субъектісіне жасы 16 толған жауапқа қабілетті тұлғалар жатады, ал 185 баптың 2б, 3б, 4б бойынша 14 жасқа толған есі дұрыс адамдар танылады.
Субъективті жағынан көлік құралын немесе өзге де көлік құралдарын айдап әкету тікелей қасақаналықпен сипатталады. Айыпты көлік құралын уақытша заңсыз алып отырғанын және оны заңсыз айдап жүргенін түсінеді және соны қалайды. Бұл жағдайда айыптының мақсаты бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу болып табылмайды.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.