Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі. Қарлығаш Мұхтарова
ету әрекетін «менеджмент» деп атайды. Бір жағынан, басқару жүйесінің құрылымы жоспарлы түрде даму керек, екінші жағынан, оның қызметінің процестерінің өтуін, коммуникациясын жүйенің өз ішінде және одан тыс қабылданып алынуын құрылымды түрде рәсімдеу қажет.
4. Ұйымды әлеуметтік-техникалық жүйе ретінде басқару өз мақсаттарын іске асыра алатын саланы, шаралар шеңберін белгілейді.
Барлық келтірілген басқару нышандары жобалардың барлық түрінде күшіне енеді, сонымен қатар жобалық белгісі бар шараларға да қатысты.
Инвестициялық жобаны басқару жүйесіндегі келесі әдістерді ерекше атап өткен жөн:
Жобаның мақсаттарын анықтау әдістері анық емес мақсаттар үшін «ми шабуылы», «ойларды жазып алу», «шығармашылық конфронтация», «жүйелік құрылымдау», тағы да басқа шығармашылық процесс техникасын пайдаланады.
Кестелік жоспарлау және басқару әдістері заман талабына сай дамытылған әр алуан түрлі қамтамасыз ету бағдарламасымен қатар қолданылғанда, ол жобаларды басқару әдістер жүйесіндегі негізгі орталық буын болып табылады.
Шығынды жоспарлау әдістері – айнымалыларды түрлендіру арқылы жоба құнын минимизациялауға негізделген белсенді бағыт. Олардың ішінде жобаның пайдасы мен шығындарының функционалды құндық сараптамасы және қолданысқа енгізу шығындары есебімен жобаның экономикалық тиімділігін анықтау әдістері ерекше орын алады.
Шығындарды қадағалау әдісі бойынша жоба көрсеткіштерінің қатарынан белгілі бір кестелер құрастырылып, жобаның дамуын, бюджеттің орындалуын, шығындардың тиімділігін бағалауға және шығындардың үздіксіз есебін жүргізуге мүмкіндік пайда болады.
Тәуекелді басқару әдістері жоба дамуының әртүрлі кезеңіндегі тәуекелді анықтап, бағалауға ыңғайлы және тәуекелділікті төмендетудің жолдарын іздестіруге, жоба параметрлеріне тигізетін әсердің алдын алу үшін тиімді болып табылады.
Тәуекелді басқару әдістерінің құралдарына ықтималды және альтернативті кестелік модельдер, имитациялық нысандау, сараптамалық жүйелер, ықтималдық теориясы, сенімділік теориясы, роботты технология және оған ұқсас көптеген әдістер жатады.
Келіспеушілікті басқару әдістері оларды жоспарлауға, бағалауға, алдын алуға мүмкіндік береді. Ал келіспеушіліктер пайда болған жағдайда оларды шешудің ережелерін ұсынады.
Шарттарды басқару әдістері шараларды дайындауды жүйелеуге және бір ретке келтіруге, үйлестіруге, рәсімдеуге, олардың іске асырылуын қадағалауға және жоюға бағытталған. Бұған маркетинг әдістері, сату және сатып алу, тендерлерді, байқауларды ұйымдастыру сияқты шаралар жатады.
Жобаларды басқаруды ұйымдастыру әдістері жобаны іске асыруға бағытталған ұтымды ұйымдастырушылық нысандар мен құрылымдардың құрылу ережесін анықтайды. Бұл әдістерді қолдану жоба тобының қажетті құралын құруға, оның нәтижелі жұмысын ұйымдастыруға, персоналды басқаруды қамтамасыз етуге, жобаға қатысушылар арасындағы қажетті коммуникацияны құруға септігін тигізеді.
Қорытындылай келе, инвестициялық жобаларды басқару төмендегідей қадамдардан тұрады:
– инвестициялық