Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы». Николай Сергеевич Лустов

Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - Николай Сергеевич Лустов


Скачать книгу
сабақта қолдану» Ұ. Төлепова «Бастауыш мектеп» №7, 2015 жыл

      2) «Отбасы және балабақша» журналдары 2014 жыл, 2017 жыл

      3) Дамыту оқыту технологиясы. Бисенбаева Әлия.

      Асанова О. Н.

      Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті ойлау тапсырмаларын география сабағында пайдаланудың маңыздылығы

      (Назарбаев Интеллектуальная школа

      физико-математического направления в г. Алматы)

      УДК 373

      Бұл – бүгінгі заманда жиі айтылатын сөз. «Креативті ойлауға» түрлі анықтама берілген. Өнімді ойлау, тиімді шешім қабылдау, жағдайды алдын ала болжау, уақыттың өзі талап еткен жаңа идеялар, әріптестік байланысты арттыру, жаңалық ашу, басқарудың жаңа тәсілдерін ойлап табу, стандартты ойлау жүйесінен тыс идея және тағы да басқалар. Мектепте креативті ойлауға үйрету маңыздылығы еңбек нарығының талаптары ғана емес. Мектептер өте маңызды рөл атқарады, себебі мектеп балаларға өздерін өмір сүретін қоғамының бір бөлігі екенін сезінуге және сол қоғамның дамуына үлес қосу үшін шығармашылық ресурстарын түсінуге мүмкіндік береді.

      Оқушылардың қиялы мен қызығушылығы оқу үдерісін жандандыра түсуі мүмкін: креативті ойлау оқушыларға белгілі бір дүниелерді (мысалы, оқу мақсаттарын) түсінуге көмектеседі. Оқушылардың мектептегі оқуына деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін барлық оқушылардың шығармашылық энергиясы мен шығармашылық әлеуетін ашатын жаңа оқыту түрін әзірлеу қажет. Бұл әсіресе мектепте оқуға қызығушылық танытпайтын оқушылар үшін пайдалы болуы мүмкін, мұндай оқыту түрі оларға өз ойларын жеткізіп, дарынын ашығу мүмкіндік береді.

      География сабағында «Атмосфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.

      Тапсырма-1. Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді. Орта бойлы адам шамамен 15 000 см², оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?

      А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.

      В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.

      С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді.

      Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ.

      Жауабы: А

      Тапсырма-2. Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10—12%-дан артпауына алып келді. Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын көріп, сезінеді?

      А. 100% В. 51% С. 21% Жауабы: С

      Тапсырма-3. Ғаламшарлар секілді Ай да салқын дене. Айжан ата-анасымен қонақтан үйлеріне түн ауа қайтты. Ай жарқырап үйге қайтар жол ағараңдап анық көрінеді. Айжан ай неге жарық, ол салқын дене емес пе деп ойлады? Неліктен ай салқын дене бола тұра бізге


Скачать книгу