Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев

Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев


Скачать книгу
(қатал үнмен, көздерін Иваннан айырмай) Е! Керең, соқыр болып кеткен жоқ шығармыз! Сен қайда жүрсің?

      Гүлнәр. Біз бе? Біз орталықта болдық. Онда…

      Жамал. (сөзін бөліп жіберіп) Онда соғыс болды! Сен өзіңе қандай қауіп төніп тұрғанын білдің бе?!

      Гүлнәр. Мен Ваняның жанында болдым.

      Жамал. Сонда не?

      Иван. Жамал тәте, сіз ол үшін алаңдамаңыз. Бізге ешқандай қауіп төнген жоқ.

      Жамал. Сен не – путчист болып кеткенбісің?

      Иван. Жоқ, біз путчист емеспіз?

      Жамал. Сонда кімсіңдер? Сендер емес пе заңды өкімет орындарын құлатқан!

      Иван. Жамал тәте, олай демеңіз. Бізде болған өкімет заңды емес еді. Ал біз енді нағыз заңды өкімет құрамыз. Бір Алланың заңына сүйенген өкімет құрамыз.

      Мария. (Жамалға) Бұлармен сөйлесудің өзі бекер! Бұлар тек шейхтің ауыздарына салып берген сөздерін қайталаумен әлек.

      Иван. Олай емес, мама! Мен өз еркіммен «Әл-хизб» партиясының мүшесі болдым, өз еркіммен біздің заңсыз билікті құлатуға шешім қабылдадым. Хазіреті шейхтің басшылығымен біз қоғамды Алланың тура жолына жетелейміз. Біз…

      Жамал. Тамұққа жетелейді сенің хазіреті шейхың! Отқа түсіреді!

      Гүлнәр. Мама! Не болды сонша Ваняға шүйіліп!

      Жамал. Енді не істе дейсің? «Өлтір, қыр, жой!» дейін бе?!

      Гүлнәр. Кім қырып-жойып жатыр?!

      Жамал. Қырып-жоймағанда не қалды?! Әне, қара өзің терезеден, полиция бөлімшесінің не болғанын. Сонда біреу тірі қалды деймісің? Танктің зеңбірегімен талқандалған үйде кім тірі қалушы еді! Кім сол ғимаратты талқандаған? Ә?! Мүмкін Ваняның хазіреті шейхы емес шығар?

      Гүлнәр терезеге беттей бергенде даладан бірдеңе гүрс ете түседі де, енді балконның ішкі есігі шалқасынан ашылып, әйнектері күл-талқаны шығып шашылады. Қыз шыңғырып жібереді де кері шегініп кетеді. Иван оны құшақтай алып денесімен қорғалайды. Жамал мен Мария бұғып қалады.

      Берік. (келесі бөлмеден жүгіріп келіп балконға шығады) О! Қараңдар – Абылайханның ескерткішінің күл-паршасы шығыпты.

      Жамал. Берік! (баланың жанына жетіп барып оны бөлмеге күштеп кіргізеді) Өле алмай жүрмісің, сорлы бала?!

      Берік. Қорықпа, мама, бітті, енді ештеңе болмайды.

      Жамал. (баласын өзіне қысып көшеге көз тастайды) Иә! Енді Абылайханның ескерткіші кімге бөгет болды екен?

      Мария. Бұған таңырқауға болмайды. Енді қаладағы бүкіл ескерткіштер құлатылады. Бюсттер мен барельефтер талқандалады. Мекемелер мен мұражайдағы суреттер де жойылады. Өсімдік, жануар және адам бейнесі ислам дінінде харам болып есептеледі.

      Жамал. Е-е! Бұл соққандар тек қана бейнелерді құртумен шектелсе жарар еді. Сурет пен мүсіндерден кейін адамдардың өздерін құрта бастамаса. (Иванға қарайды)

      Иван. (Гүлнәрды қолынан тартып есікке қарай беттейді) Ал, біз кеттік.

      Жамал. Бар, бар! Қыр, жой, жар, құлат! Өлтір! Тек қана Гүлнәрда жұмысың болмасын. Ол енді саған жоқ.

      Гүлнәр. (Иванмен кетуге ыңғайланып)


Скачать книгу