Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
негізгі тайпалардың бірі. Шежре деректеріне қарағанда, ол Абақ К. (қ.Абақ Керей) және Ашамайлы К. (қ.Ашамайлы Керей)      деп аталатын екі үлкен тармақтан тұрады. …Көне тарихты зерттеушілер К-лерді ертедегі керейттердің (қ. Керейт) ұрпағы деп санайды. …Рашид ад-Дин, Әбілғазы Баһадүрхан, Х.Ховорс, С.Аманжолов т.б. оны ежелгі түрік тайпаларынан таратады.

      Тарихи жазба деректемелерде К-лер б.з-дың 9 ғ-ынан белгілі. …К-лер ол кезде Онон, Керулен, Селенгі және Аргун өзендерінің бойын мекендеп, жеке мемл. құрған. Мәдениеті жоғары болып, көне түркі жазбаларын пайдаланған…

      К-лер ұлан байтақ территорияға тарап, бірқатар түркі тілдес халықтарға сіңісіп кетті. Олар–өзбек халқының Кенегес тайпасындағы Абақлы және Ашамайлы, қарақалпақ халқының Қоңырат арасындағы Ашамайлы рулары. Абақ-Керей руы тубалардың, Қырым татарлары мен башқұрттардың құрамында да кездеседі. К-лердің дені қазақ жерінде қалып, Орта жүздің Керей тайпасын құрады. Найман тайпасының Қаракерей руы, Кіші жүздің Төлеу руындағы Керейт атасы–ежелгі К. тайпасының ұрпағы. К-лердің ұраны–Ошыбай, Ашамай, таңбасы–×",– деп баяндалады (Бұл да сонда. Алматы, 1974 ж. Керей. 5 т. 390 б.). Әкелі-балалы, ерен еңбектері үшін Социалисті Еңбек Ері атанған Қабаш Қозыбаев пен ұлдары, шежіремізде еңбектерінен үзінді келтіріп, сілтемелер жасаған, президент кеңесінің белді мүшесі болған, тарихшы, академик ғалым Манаш пен Қазақстан журналистер Академиясының күні бүгінге дейінгі төрағасы, тарихшы, ғалым, жазушы, журналист Сағымбай Қабашұлдары осы керей жұртынан.

      Ал уақтар жайлы онда былай делінген: "Уақ– Орта жүз құрамына кіретін тайпа. Шежіре бойынша: Шоға, Сарман, Байназар, Сарыбағыш, Сіргелі, Еренші, Әлімбет, Бидалы, Жансары, Баржақсы, Шәйкөз руларына бөлінеді. Мұның соңғы төртеуін Ергенекті У. деп те атайды. Қазақ әңгімелері мен шежіре деректерінде У. аталарының бірі ретінде әйгілі Еркөкше батыр мен оның ұлы Ер Қосай батырдың аттары аталған. …Қазақ арасына кең тараған аңыз бойынша У. Керей тайпасымен туыстас. У-тың арғы атасының анасы ері Жаубасар өлген соң бір жылдан кейін әмеңгерлік әдет бойынша оның ағасы Ойшыбайға (Керейдің әкесі) тиеді. Сондықтан да У. Керейдің інісі болып есептеледі. Керей мен У-тың аталастығының тағы бір айғағы, олардың рулық таңбасының ұқсастығы, яғни "Ашамай таңба"(×) екеуіне де ортақ. У-тың алғашқы ата мекені Қазақстанның солт. шығысы мен Монғолияның батысы болса керек. Қазақ жеріне жоңғарлардың баса-көктеп еніп, алға жылжуының салдарынан У-тар өзінің ата мекенінен ығысып, солт. Тобыл және Үй ө-деріне, батыста Торғай өлкесіне, ал оңт. Арал теңізінің жағалаулары мен Сыр бойына да жетті. …20 ғ-дың басында Кіші жүздегі У-тың аздаған тобы Торғай обл-ның Ақтөбе және Ырғыз у-дерінде бытырап қоныс тепті. …Ұраны–Жаубасар, Бармақ, таңбасы–П× (босаға, ашамай) (Бұл да сонда. Алматы. 1977 ж. 11 т. Уақ. 271272 б.б.).

      7 бөлім

      ЖҮЗГЕ КІРМЕЙТІН РУЛАР ХАҚЫНДА

      Ауыз-екі тілімізде қалың жұртшылық жүзге кірмейтін руларға қазақ халқының арасына ислам дінін


Скачать книгу