Сана болмысы. Ғарифолла Есім

Сана болмысы - Ғарифолла Есім


Скачать книгу
ал Президенттiң әрi қарай ой өрiсiнде айтқан «Қазақстан сөзiнiң өзi «Қазақ елi» дегендi бiлдiредi» дегенге назар салсақ, мәселе айқындала түспек, «қазақстандық ел» деудiң орнына өте әдемi әрi мәндi, терең әрi мағыналы «Қазақ елi», – деп айтсақ қандай ғанибет. Астананың он жылдық мерейтойына орай қоғамдық санада да тың парадигма «Қазақ елi» деген ұғымның жаңғырып, жаңарып өз мәнiнде айтыла бастағаны және дәп осы ұғымды мәңгiлiк ететiн монументтiң қойылуы «ұлт мәселесiнiң» толық әрi түбегейлi шешiлуiнiң айғағы. «Қазақ елi» – бiз үшiн арман болған сөз. «Қалың елiм, қазағым, қайран жұртым», – дегенде Абай осы күндi армандаудан айтты емес пе?! Қазақстанды қазақ елi деп атау – ғасырлардан-ғасырларға өтiп келе жатқан халқымыздың ұлы арманы. Өткен ғасыр басындағы Алаш азаматтары ел болуды саяси мақсат етiп қойған болатын.

      Президент осы айтылып отырған мәселенi теориялық тұрғыдан жан-жақты қаралуы, практикалық тұрғыдан тиянақталуы қажет деп отандық ғалымдардың алдында жаңа мiндет қойып отыр.

      Иә, бұл мәселеде тәжiрибеге сай теория қажет. Ұлт мәселесiнiң теоретигi Владимир Ленин болатын. Ол өзiнiң саяси мүддесiн жүзеге асыру мақсатында ұлт (нация) деген ұғымды ойлап тапқан. Ұлт деген – саяси, идеологиялық ұғым. Ленин тек ұлт теориясын жасап қана қойған жоқ, ол оның әлеуметтiк тәжiрибедегi орнын анықтап, ұлт мәселесi деген жаңа саяси технологияны iс жүзiнде жүзеге асыра бастады. Бұл iстi әрi қарай шебер орындаушы Сталин болды. Мұның бәрi «лениндiк ұлт саясаты» деп аталып, СССР мемлекетiнiң идеологиясының негiзгi өзегiне айналды. Ғасыр соңында алып Қызыл империяның ыдырауы лениндiк ұлт саясатының күйреуi, оның жалған екендiгiнiң нақтылы дәлелi болатын. Лениндiк ұлт саясаты келмеске кеттi, бiрақ ол жасаған ұлт iлiмiне қатысты түсiнiктер әлi қолданыста жүр, соның бiрi – ұлт деген ұғым. Сондықтан кейде Қазақстан көпұлтты мемлекет деп айтып қалудамыз. Президентiмiз айтқандай, «ел» деген ұғымның астарында аса үлкен бiрiктiрушi, топтастырушы күш жатыр», рас сөз, бiздiң санамызға болашақта ең сiңiстi ұғым «ел» болмақ. «Қазақ елi» монументi – соның кепiлi. Әрине, солай дегенмен, қазақ елiнде қоян-қолтық бiрiгiп тамаша өмiр сүрiп жатқан өзге ағайындарды қалай атамақпыз? Әлемдiк кеңiстiкте бiз жалғыз өмiр сүрiп жатқан жоқпыз, ескi түсiнiктi қолдансақ, «көпұлтты мемлекеттер» дүниежүзiнде жеткiлiктi. Әлемдiк ғылымда соған орай этнос деген мәндi ұғым бар. Халықтардың этникалық болмысы сөз болғанда этнос деп атайды, мысалы, қазақ этносы, орыс этносы, ұйғыр этносы, татар этносы т. б. Демек, қазақ елiнде осы елдiң азаматтары өмiр сүруде, егер олардың этникалық табиғатын ескерсек, Қазақстанда көптеген этнос өкiлдерi бейбiт түрде азаматтық негiзде өмiр сүруде деп мақтанышпен айтуға әбден болады, бұл ғылыми мәндегi түсiнiк.

      Ұлт дегендi лениндiк ұлт саясатына қатысты ұғым екенiн мойындасақ, егемендiк жағдайында өзiмiз туралы қазақ ұлты демей, қазақ елi, қазақ халқы деген терең мазмұнды ұғымдар қолданған жөн. Лениндiк ұлт саясаты күйреп, тәуелсiз мемлекет қарқынды түрде өркениет жолына, өзiне тән «қазақстандық жолға» түскенде саяси лексика да өзгеруi табиғи жағдай.

      Кеңес


Скачать книгу