Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова
сауда мен қаржы операцияларын жүргізудің нәтижесіндегі валюта қозғалысының (елге немесе елден сыртқа қарай) бағытын көрсетеді. Егер төлем теңгерімі жетімсіз болса, ел жұмсағанымен салыстырғанда, шетел валютасын аз алады. Жетімсіздіктің көлемі ресми резервтерді қысқартуға тең болады. Ал белсенді сальдо мемлекет жұмсағанымен салыстырғанда, шетел валютасын көп алып, мұның нәтижесінде валюталық резевтердің өсуі жүрді дегенді білдіреді. Әлемдік практикада тауарлар мен қызметтер импортын қаржыландыру үшін халықаралық резервтердің үш айлық көлем жеткіліктілігі ережеге қабылданған.
Төлем теңгерімінің макроэкономикалық тағайындауы – аталмыш елдің шетелдік әріптестерімен халықаралық қатынасының жағдайын айқын формада көрсетуінде, ол мемлекеттік қарыздардың ақша-кредиттік, валюталық, бюджеттік-салықтық, сыртқы сауда саясаты мен басқаруын таңдаудың индикаторы болып табылады.
IS-LM моделі бойынша ұлттық шоттардың негізгі тепе-теңдігі келесі теңдеу түрінде көрінеді:
мұнда (Е – Z) = NE – таза экспорт.
Тепе-теңдік (13) кіріс (шығару жиынтығы – совокупный выпуск) барлық тауарлар мен қызметтерге кететін ішкі шығындарға (С + I + G) плюс таза экспортқа (NE) тең деп сендіреді. Себебі аталмыш тепе-теңдіктің оң бөлігі өнімге кететін жиынтық шығынды көрсетсе, соған сәйкес таза экпорттағы өзгерістер шығару жиынтығы мен жұмыспен қамтылуда өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Егер де Ү экономикаға арналған ішкі факторлармен жасалынған жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ), яғни тауарлар мен қызметтердің түпкі құнын көрсететін болса, онда NE-гe тауарлар мен факторлық емес қызметтер енеді. Егер де Ү аталмыш елдің резиденттерімен жасалған жалпы ұлттық өнімді (ЖҮӨ), яғни тауарлар мен қызметтердің түпкі құнын көрсететін болса, онда NE-гe шетелден келетін тауарлар, факторлық емес қызметтер мен таза факторлық кірістер енеді (ҮF).
Егер де тепе-теңдіктің екі бөлігіне (14) шетелден келетін таза трансферттерді (RF) қоссақ, онда резиденттердің тұтынуға және жинақтауға кететін таза кірісін көрсететін жалпы ұлттық қолда бар кірісі (NDI = ЖҮӨ + RF) шығады.
мұнда (Е – Z + YF + RF) төлем теңгерімі (баланс) шоттарындағы ағымдағы операциялардың теңгеріміне сәйкес келеді.
Егер де ұлттық шоттардың негізгі тепе-теңдігін келесі түрде көрсететін болсақ:
онда бұл жағдайда NE резиденттердің (мемлекетті қоса алғанда) кірісі мен жиынтық шығындары арасындағы айырманың көрінісін береді. Оң NE кірістің жыйынтық шығындардан асып тускенін көрсетсе, теріс NE кірістің жыйынтық шығындардан кем болғанын күәландырады.
Бұл пайымдау сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу проблемаларының экономиалық аспектілері бар және оның шешімі кіріс пен шығыстың арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік беретін құрал түрін таңдауды қажет етеді дегенді білдіреді.
Егер де тепе-теңдіктің (15) оң жағына